Фото: segodnya.uaБЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайлық миллионерлердің жартысынан көбі таяу бес жылда шетелге қоныс аудармақшы, деп хабарлады жергілікті БАҚ Barclays Wealth баяндамасына сілтеме жасай отырып.
Гонконг арнайы әкімшілік ауданының репонденттерімен (16 пайыз) салыстырғанда, материктік Қытайдағы респонденттердің 47 пайыздан астамы таяу бес жылда шетелге көшуге ниетті.
Олардың көшуіне негізгі себеп шетелде балаларының білім алуы, жұмысқа орналасуы, экономикалық климат, қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік қызметтер болуда.
Материктік Қытайдан 30 пайызға жуық респенденттер тұруға негізгі орын ретінде Гонконгты таңдаса, 23 пайызы Канаданы жөн санайды.
Дереккөз: inform.kz