Фото: golos-ameriki.ruАлматы. 29 тамыз. ҚазТАГ – АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйдегі баспасөз мәслихатында Украинадағы дағдарысты реттеу үшін Штаттардың соғыс қимылдарына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Бұл проблеманың әскери шешімі болмайтынын ұғыну аса маңызды», - деді Б. Обама Украинадағы ахуал бойынша Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қазіргі өткір қайшылықтарға байланысты оның АҚШ тарапынан қандай да бір соғыс қимылдарының қажеттілігін болжап отырғаны жоқ па деген сұраққа жауап беріп жатып.
Оның айтуынша, АҚШ «украин проблемасын шешу үшін әскери қимыл-әрекеттер қабылдамайды».
«Бірдеңе жасайтын болсақ, онда Ресейге қысым көрсету үшін халықаралық қауымдастықты жұмылдырамыз», - деп түсіндірді Б. Обама. Алайда, деп қайталады ол, ешкім де «бұл өңірде Ресей мен Құрама Штаттар арасында соғыс конфронтациясынан» дәмелендірмейді.
Президент Украинадағы жағдайдың салдарынан Батыс келесі аптада Ресейге қарсы санкцияларды кезекті рет қатайту туралы шешім қабылдайтынын айтып топшылады. Б. Обама алдағы аптаның басында Еуропаға – Таллинге және Уэльсте өтетін НАТО-ның кезекті саммитіне жол тартатынын еске салды. Ол сапар барысында шетелдік әріптестерімен РФ-ға қарсы жаңа жазалау шараларын қолдану мүмкіндігін талқылағалы отырғанын растады.
«Менің күтіп отырғаным мынау, біз келесі қадамдарға жүгінеміз, өйткені біз, бәрінен бұрын, Ресейдің тарапынан бұны (жағдайды) дипломатиялық жолмен реттеуге расымен талпынуға бағытталған ешқандай да айтарлықтай іс-әрекеттер көріп отырған жоқпыз», - деді вашингтондық әкімшілік жетекшісі.
Ол Киевке ары қарай да көпжақты жәрдемдесетініне уәде берді және қыркүйекте Украина президенті Петр Порошенкомен Ақ үйде келіссөздер жүргізетінін хабарлады.
Дереккөз: ҚазТАГ