Атырау, 23 желтоқсан 18:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Түрмеден кейінгі тегін оқулар

2 932 просмотра

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасы бойынша бұрынғы тұтқындар мен рақымшылыққа ұшырағандар мемлекет есебінен мамандыққа ие бола алады.

«Дегенмен, абақты орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру мен кәсіби дайындау жұмыстары жаңалық емес», - деп хабарлайды «АЖ»-ға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА.  

- Біздің басқарма қылмыстық-түзету жүйесі департаментімен және ішкі істер департаментімен тығыз жұмыс жасайды. Біз жазаларын өтеген және жұмысқа орналасуға мұқтаж боп отырған Атырау облысы тұрғындарының тізімін тұрақты алып отырамыз, - дейді Гүлболат Екпенқызы. - Әдетте, олардың ешқандай мамандықтары мен кәсіби білімдері жоқ, немесе жазаларын өтеген жылдар ішінде олар кәсіби біліктіліктерін жоғалтқан. Сондықтан оларға кәсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өтуге және әрі қарай жұмысқа орналасуға көмектесу өте маңызды. Биылғы жыл басынан бері Еңбекті үйлестіру департаментіне бұрынғы сотталушылар қатарынан Атырау облысының елуден астам тұрғындары хабарласты. Олардың жиырмасы жұмысқа орналастырылды, он үші қоғамдық жұмыстарға жіберілді, екеуі әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданып, кәсіби оқуға он бір адам жіберілді. Бұрынғы тұтқындар арасындағы ең қажетті мамандықтар - газ-электрмен дәнекерлеушілер, слесарьлар, жүргізушілер.

Бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімі бітіп босағандар, сондай-ақ, рақымшылық алғандар әлеуметтік ең осал топтардың бірі боп табылады. Сондықтан олар үшін тегін кәсіби оқу мен қайта дайындау қарастырылған. Бұған жұмсалатын шығындар толығымен республикалық бюджеттен алынады. Мемлекет шәкіртақы төлеуді, тұру шығындары мен оқу орнына бару жолақысымен қамтамасыз етуді өз мойнына алып отыр. Рақымшылық алғандар мен мерзімі бітіп босағандар үш айлық кәсіби дайындықтан кейін жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналаса алады.

Биылғы жылы Қазақстанда он төрт мыңдай сотталушылар рақымшылық алмақ. Бұл рақымшылық әлеуметтік осал топтар санатына кіретін азаматтарды босатуды қарастырады. Бұлар – кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 шілде 2011, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.