Атырау, 2 сәуір 10:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87

Індет тоқтамай тұр

3 324 рет қаралды

Қызылқоға ауданында бруцеллез (сарып) індетімен күрес әлі жүріп жатыр.

Соңғы ақпар бойынша239 ірі қара(ауданда олардың барлық саны -16 459), 1 402 қой-ешкі(74 952), 23 түйе (441) бруцеллезге шалдыққан. Үшадам ауру жұқтырған, оның ішінде жас бала да бар.

Ауру малдың көзін жою мақсатында Көздіғара округінде 441 қой-ешкі, 29 ірі қара, Миялы округінде 53 ірі қара, 140 қой-ешкі өртелген.

Өткен жылы карантинге жабылған Тасшағыл округінен бүгінде 163 қой-ешкі бруцёллез жұқтырған.   

- Ойыл округіне қарасты «Аққора» қыстағында карантин жарияланды. Көздіғара округі бойынша карантин жариялау жөнінде әзірге шешім шыққан жоқ. Біздің қызметкерлер ауру малды жоюмен және аула-қораларды дезинфекциялаумен айналысуда, - дейдіҚызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Серікбай ЛАТИЕВ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.