Атырау, 26 желтоқсан 13:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атыраулық екі шенеунік айыпталуда

4 775 просмотра

Астанада сот ҚР балық шаруашылығы комитетінің бұрынғы екі төрағасына қатысты істі қарауда.

Республикалық ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, аталмыш мекеменің бұрынғы басшысы Қанат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ қатысты қозғалған қылмыстық істің материалы сотқа жолданды. Ол теңіз катерлерін сатып алу барысында мeмлекетке 318 миллион теңге көлемінде залал келтірді деп айыпталуда. Тергеу болжамдары бойынша, ол катерлер толық жасалмаған және ақаулы күйде болған екен.

Тағы да Комитеттің бұрынғы төрағасы Юрий РОМАШОВҚА және оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс қазан айында басталды. Бұл жағдайда шенеуніктерге олардың бетімен жіберуі салдарынан өткен көктем айларында Атырау облысының тоғыз балық кәсіпшілігімен айналысатын кәсіпорыны, 518 миллион теңге көлемінде залал келтіре отырып, уылдырық шашу кезеңінде балықтың көшу жолында балық аулаған деген айып тағылуда. Олардың екеуі де Атырау тумасы, олар кезінде балық қорғау инспекциясын басқарды. Ромашов бұл қызметтен оның кетуін талап еткен премьер-министр Кәрім Мәсімовтің сапарынан кейін босады. Ромашовтың орынына Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ғилман Сәрсемәлиев ауыстырылды.

Лев ГУЗИКОВ

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.