Астана. 11 тамыз. Baq.kz– Қытайдың "Баожун" компаниясы Ресейге көкөніс пен жемісті Ресей тікелей экспорттайтын болды. Бұл жайында бүгін "Интерфакс" агенттігіне Хэйлунцзян провинциясы Қолданбалы экономика ассоциациясының төрағасы Чжан Чуньцзяо айтып берді.
"Дуннин уездінде қытай-орыс трансшекаралық электронды коммерция жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Аталған жоба аясында "Баожун" компаниясының кедендік бақылау аймағы құрылады. Бұл дегеніңіз, Дуннин бекеті арқылы Ресейге компанияның көкөнісі мен жемісі тікелей экспортталады деген сөз" деді Чжан Чуньцзяо.
"Баожун" аймағы жеміс пен көкөністі Ресейдің Қиыр Шығысына тасымалдайтын логистикалық орталыққа айналмақ. Мұнда өнімдер сұрыпталып, қорытынды бағасы шығады.
Чжан Чуньцзяоның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін дәл осындай тағы бір жоба іске қосылатын болады. Ол Ресейге Қытайдан ауылшаруашылық өнімдерін экспорттамақ.
Дереккөз: baq.kz