Атырау, 24 желтоқсан 21:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

АҚШ-та тұрғын үйлердің басым бөлігін қытайлықтар алып жатыр

1 962 рет қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та тұрғын үйлерді шетелдіктердің тарапынан сатып алу 35 пайызға артқан, оның ішінде басым бөлігі қытайлықтардың үлесінде.

 Бұндай мәліметтерді Риэторлардың ұлттық қауымдастығы келтіріп отыр.

ҚХР-дан келген сатып алушылар биылғы наурызда аяқталған 12 айдың ішінде 22 млрд. доллардың баспанасын иемденген. Бұл АҚШ-та шетелдіктерге саудаланған тұрғын үйлердің 24 пайызын құрайды.

Аталған мерзімде шетелдіктер АҚШ-та 92,2 млрд. доллардың баспанасын сатып алған. Өткен қаржылық жылда бұл көрсеткіш 68,2 млрд. долларды құраған болатын.

Дереккөз: inform.kz

10 шілде 2014, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.