Атырау, 21 маусым 13:34
 ашықВ Атырау +21
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

«Қазақтелеком» қызметкерін балағаттауға қатысты қозғалған «Шимофуджи ісі» сотқа жолданды

1 205 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жапония азаматының зайыбы «Қазақтелеком» қызметкерін балағаттап, ар-намысына нұқсан келтірген аудиожазбаға қатысты тексеру жүргізді, деп жазады департаменттің баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» тілшісіне берген хабарламасында.

«Астана қаласы Ішкі істер департаменті аталған телефон әңгімесіне қатысты тексеру жүргізді. Тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 130-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау мақсатында іс сотқа жолданды. Жоғарыда айтылған Қылмыстық Кодекстің бабы бойынша қылмыстық қудалау жекелей тәртіпте, сотқа шағым түсіру негізінде жүргізіледі», - дейді ІІД.

Қылмыстық Кодекстің 130-бабы бойынша бұл жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыс түріне жатады. Ол үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.

Бұның алдында хабарланғанындай, Бас прокуратура аталмыш оқиғаға қатысты тексеріс жүргізуді тапсырған болатын. Бұл аудиожазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда жапон елшісінің әйелімін деп таныстырған азаматша «Қазақтелеком» қызметкерін балағаттаған. Аудиожазбада оның қызметкерлерді «қазақтар калбиттер» деп қорлап, әлдебір Шимофуджи деген адамның есімімен қорқытқан сәттері де бар.

Дереккөз: inform.kz

25 ақпан 2014, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.