Сұрақ-жауап Қырағы болыңыз – Күндіз-түні үйіміздің жанындағы кәріз құдығына вакуумдерден лас сулар құйылады. Жер жерден жаман иіс шығады. Вакуум жүргізушілері «АтырауСуАрнасы» КМК-нен лас суларды төгуге рұқсат алғанын растап отыр. Вакуумдерге арналған лас суларды құю нүктесі Атырау қаласының қай жерінде екенін түсіндіріп берсеңіз. 1 қазан 2015, 00:00 2 461 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кооператив құрған жөн – Байжігітов көшесінің бойындағы 2 қабатты 8 пәтерлі №76 үй 1930 жылы қамыстан салынған. Орталық кәріз жүйесі жоқ, тек септик бар. Лық толған септиктен кәріздік сарқынды сулар топыраққа ағып кетеді. Ал өзен 100-150 метр жерде орналасқан. Сондықтан қалдықтардың өзенге құйылуы әбден мүмкін. Ал бұл суды қала тұрғындары пайдаланады. Үйдің тозығы жеткен, жылу ұстамайды, пәтерлерде ауыз су тұрбалары қатып қалады. Біз жылу жүйесіндегі суды ішуге мәжбүрміз. Кәріз жүйесінің иісінен қысы-жазы терезені ашу мүмкін емес. Шалшықтарды қамыс басып, шыбын мен масаның ұясына айналған. Санэпидстанса бұл фактілерді елемей отыр. Бұл үй қашан күреледі? 5 наурыз 2015, 00:00 2 376 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұзақ-бағдаршам – Жилгородок-Авангард көпіріне жақын жердегі, екі қабатты үйлердің маңындағы Әуезов көшесіндегі бағдаршамның жұмысы тым өзгеше. Жасыл түс сары түске жыпылықтамастан қосылады, сары түс тек қас-қағым сәтке ғана жанып, сол мезет қызыл түске ауысады. Бұл көлік жүргізу процесін қиындатады. 11 желтоқсан 2014, 00:00 2 589 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тәлім ақша жинаудан басталады – Балам Авангардтағы №19 мемлекеттік «Шұғыла» балабақшасына барады. Жақын арада бізге балаларды оқытуға арналған кітаптарға 6 мың теңгеден жинайтындығын айтты. Тәрбиешілер кітап болмаса, балаларға ештеңе үйрете алмайтындығын ескертті. Неліктен біз кітапқа ақша жинауға тиістіміз? Бізге қуыршақ театрына үнемі ақша жинаудың өзі жетіп жатыр. 4 қыркүйек 2014, 00:00 1 904 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Ондықты» қайтарыңдар! – Неліктен Сарықамысқа дейін жүретін 10-шы маршрутты алып тастады? Біз қалалық әкімдікке хабарласқан едік, ондағылар 15-ші маршруттың өзгергенін, автобустардың әр 2-3 минут сайын келіп тұратынын айтты. Бірақ 15-ші маршрутты күтіп тұру, әсіресе қазір, аязды күндері мүмкін емес. Балаларымыз алты сабақтан соң сағат 7-ден кейін үйлеріне жете алмайды. Аялдамада үсіп-қатып тұрады. Автобустар мүлдем жоқ: 10-шы маршрутта үлкен автобустар, ал 15-шіде Газельдер жүретін. Біздің бағыттағы №10 маршрутты қайта шығаруға болмай ма? 6 ақпан 2014, 00:00 1 831 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сарықамыс-2: су да, газ да болмай тұр - Біз Жаңа Сарықамыс-2 поселкесінің тұрғындарымыз. 2010 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімін алған едік, үйді де салдық. Поселкемізге жарық, газ және су қашан жүргізіледі? 5 қыркүйек 2012, 22:12 2 558 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарулы адам - Жақында сары мемлекеттік нөмірі бар ақ түсті «Жигули» көлігінен қаңғып жүрген иттерді атып жатқанын көрдім. Иттер құлаған соң белгісіз аңшы өлген итті көлігінің жүк салғышына салып алып, кетіп қалды. Бұл машина маған күдік туғызды. Әдетте, ондай нөмірлері бар машиналар шетелдік фирмалардікі болып саналады ғой. Мен, мәселен, ондай көліктердің жүргізушілері мен иелерінің бос уақытта осылайша ақша табатындығына сене қоймаймын. Байқасаңыздар, иттерді ату тұрғын үйлердің арасында болды, демек, күдікті аңшының жемтігіне кез-келген сәтте балалар мен үлкендер де айналар ма еді?! 19 қаңтар 2011, 00:00 2 589 рет қаралды
Сұрақ-жауап Картинаның құндылығын мұражайда анықтайды - Мен италиялықпын. Өзіме ұнаған картиналарды сатып алатынмын. Осы жерден, Атыраудан түрлі тастардан, негізінен кәріптас пен көгілдір ақықтан жасалған керемет табиғат көрінісін сатып алған едім. Осы картинаны Абриоледегі өз үйіме іліп қойғым келеді. Осыған байланысты қазақстандық кеденде проблемалар туындауы мүмкін бе? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 772 рет қаралды