Атырау, 22 желтоқсан 08:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Экология

М. Хакимов: «Каспийден айырылсақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді» Экология

М. Хакимов: «Каспийден айырылсақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді»

АМӨЗ басшылығының шақыртуымен мәслихаттың, баспасөздің және ҮЕҰ өкілдерінің бір  тобы Ульсан қаласындағы мұнайды терең өңдеу технологиясымен танысып қайтқан еді (дәл осындай өндірісті АМӨЗ-де жасақтау жоспарланған). 16 маусым 2011, 16:19 3 545 рет қаралды
Шырайгүл – Атыраудың шырайы Экология

Шырайгүл – Атыраудың шырайы

- «Осы гүлзарлар мен қыш құмыралардың жанынан өтіп бара жатып, көлігімді тоқтатып, өзіме етене боп кеткен олардың қалай жайқалып өсіп тұрғанын келіп көру үшін өзімді зорға ұстаймын. Бәлкім бұл күлкілі шығар, бірақ мені олармен әлдене байланыстырып тұрғандай сезінемін. Өйткені әрбір гүл өз қолымнан өтті ғой, - дейді ол тазартылып, әлі гүл егілмеген гүлзарларға көз тастап. Айтпақшы, таныс болыңыздар, Лола КЕНЖЕМҰРАТОВА – Атыраудағы көгалды алаңдарға гүлдерді жеткізуші бас маман. 11 мамыр 2011, 21:26 12 632 рет қаралды
Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін  үй» Экология

Академик Диаров: «Атырау шетелдіктер үшін вахта болса, біз үшін үй»

Қазақ геологтарының қара шаңырағының негізін салушылардың бірі, ҰҒА академигі, аймақтық экологиялық проблемалар ғылыми орталығының директоры  Мұфтах Диарұлы ДИАРОВТЫ ежіктеп елге таныстырудың қажеті шамалы. 13 сәуір 2011, 21:07 5 134 рет қаралды
Каспий қасіреті Экология

Каспий қасіреті

15 наурызда жұртшылықтың наразылық білдіргеніне қарамастан Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасын салудың қоршаған ортаға әсер етуін бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы жобаның төңірегінде талқыланып жатқан қызу пікірлер толастар емес. Жергілікті жұртшылық базаны аймақ экологиясына тікелей қауіпті десе, ал тапсырыс беруші мен мердігер бірауыздан мемлекет қазынасына қомақты қаржы түседі деп дәмелендіріп отыр. 17 наурыз 2011, 17:48 8 686 рет қаралды
"Жасылдар" билікпен соттаспақшы Экология

"Жасылдар" билікпен соттаспақшы

Қаладағы қоғамдық ұйымдар өз күштерін біріктіріп, өткен жылдың қарашасында қоғамдық тыңдауда ұсынылған мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ететін базаны (МТӘБ) салу жобасын мұқият талдаған болатын («АЖ» №47, «Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба»). ҮЕҰ тәуелсіз сарапшыларды тартып, осы жобаға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген еді. Бұл жалпы бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ұлттық және халықаралық заңнама бойынша анықталған заң бұзушылықтар санының көптігімен алаңдатып отыр. Таяуда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осыған қатысты баспасөз конференциясын өткізген еді. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 085 рет қаралды
Жайық пен халықты құрбандыққа  шалған жоба Экология

Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба

Қарашаның 19-ы күні Атырауда Жайық өзені сағасында мұнай төгінділерін жинайтын экологиялық базаны орналастырудың қоршаған ортаға зияны әсерін алдын ала  анықтау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті. «Қазмұнайгаздың» бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бес жылдай уақыт болды. О бастан-ақ базаны Дамбы поселкесі аумағындағы Жайық сағасынан салу көзделген болатын. Ал ол «Ақ Жайық» табиғи қорығына жақын. Ал бұл қорықты итбалық пен қызылбалықтың сан түрлері, жүздеген құстар мекен етеді. Мұнай төгінділерін жинауға арналған база балықтардың, соның ішінде  президент күні кеше Бакуде мораторий жариялауға ұсыныс айтып отырған қызылбалықтардың  уылдырық шашатын жері. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 097 рет қаралды