Сұрақ-жауап Көршілер келіспеген жағдайда – Біз көп жылдан бері Мир даңғылы, 66 үй, 1-пәтер мекен-жайындағы апатты үйде тұрамыз. Бұл ауданда екі қатарлы үш ескі үй орналасқан. Балабақшаның салынуына байланысты олардың екеуі күреледі. Ал біздің үй тағы да назардан тыс қалды. Бірақ, ол көп уақыттан бері апатты деп танылған және бөлшектеніп бұзылып жатыр. Көршілеріміздің бір бөлігі әкімдіктен өздеріне біздің ескі үйіміз орналасқан ауданнан, яғни, Балықшыдан пәтер беруді сұрайды. Біз үшін бұл міндетті емес, кез-келген ауданнан жаңа баспана берілсе қуаныштымыз. Бастысы – құлап жатқан ғимараттан тезірек кетіп қалғымыз келеді. Биыл біздің үйіміз күреле ме? Ағымдағы жылы қандай апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жоспарланып отыр?.. 18 мамыр 2017, 00:00 3 388 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мұғалімдер жеке кәсіпкерлікпен айналыса алады - Мектепте жұмыс жасайтын мұғалім Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып, оқушыға сабақ үйретуші (репетитор) болып қызмет атқара ала ма? Мектептегі жұмысымен қатар осы қызметпен айналысуға рұқсат етіле ме? Мектепте өзі сабақ беретін оқушыларына қосымша сабақ үшін ақы алуға бола ма? 18 мамыр 2017, 00:00 7 050 рет қаралды
Сұрақ-жауап Фармацевт қателессе, жауап береді – Екі айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Дәрігер маған үш препарат тағайындап, рецепт жазып берді. Мен барған бірінші дәріхана маған бір дәріні сатты, рецептіде көрсетілген басқа екеуі оларда болмай шықты. Мен басқа дәріханаға бардым, ол жердегілер маған үш дәрі-дәрмек беріп, бірінші дәріханада маған рецептіде көрсетілмеген басқа дәріні бергенін түсіндірді. Тексеру үшін мен айналадағы бүкіл дәріхананы шарлап шықтым. Фармацевтердің барлығы бірінші дәріхананың маған басқа препаратты сатқанын растады. Алайда, рецептіні қате оқыған фармацевт дәрі-дәрмекті алмастыруға және қайтаруға болмайды деген негізбен ақшамды қайтарудан бас тартты. Мен келісер едім, бірақ, сөреден тауарды менің өзім алғаным жоқ қой. Маған дәрі-дәрмекті фармацевтің өзі берді және қателікті ол жіберді. Фармацевтің әрекетіне қатысты қайда шағымдануға болады? 13 сәуір 2017, 00:00 3 208 рет қаралды
Сұрақ-жауап Депутат үнсіздігі Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына, менің пікірімше, "Қазақтелекомның", менің пікірімше, заңсыз әрекеттері туралы шағымдандым. 2015 жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» абоненттері кәсіпорын қызметін тікелей төлей алмайды және әр төлемнен қосымша 2 және одан да көп пайыз ұстап қалатын терминалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Менің бірінші шағымым қалалық мәслихат депутаты М.Шырдабаевқа жіберілген. Мен оның қабылдауында болдым. М.Шырдабаевтың жауабын күтпестен «Нұр Отанға» тағы да шағымдандым. Мені А.Салиховқа жолдады. Бұл жолы да үнсіздік орнады. Үшінші жолы мені депутат А.Ташлыковқа жіберді. Олардың барлығы да әрқайсысы ресми түрде тіркелген жазбаша шағымды қарауға уәде берді. Бірде-біреуі сөздерінде тұрмады. 2 наурыз 2017, 00:00 3 111 рет қаралды
Сұрақ-жауап Денсаулық сақтауға арналған жүйе Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды? 2 наурыз 2017, 00:00 3 781 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылу берушілердің ізгі көмегі – Ыстық сумен қамту жүйесінен лас су келіп тұр. Жылу жүйелері кәсіпорнының диспетчері жүйеде қысымның түсіп кеткенін айтады. Ақау қашан жойылады? 16 ақпан 2017, 00:00 3 062 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сыйақы тиесілі ме? «Өрт сөндіруші» АҚ басшысының бұйрығы бойынша біздің мекеме штаты 2016 жылдың 31 желтоқсанында қысқартылды. 25 күн үшін тиесілі өтемақыны алдық. Алайда, кейін штатта қалған қызметкерлер 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы алды. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге бұл сыйақы тиесілі ме? Өйткені, біз 2016 жыл бойына толық жұмыс жасадық қой. 16 ақпан 2017, 00:00 3 052 рет қаралды
Сұрақ-жауап Желідегі мазасыздық Біздің көршілеріміз өз жер телімдерінде ұялы байланыс антеннасын орнатты. Оның есесіне енді біздің үйіміз бірде-бір желіге қосылмай қалды. Бұл заңды ма? Мұндай антенналардың денсаулыққа қаншалықты зияндығы бар? 16 ақпан 2017, 00:00 2 746 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жол белгілерінің «тілі» – Неліктен халықаралық трассаларда ақпараттық қалқандар ағылшын және қазақ тілдерінде ғана орнатылған? Неліктен орыс тілінде жоқ? 2 ақпан 2017, 00:00 5 222 рет қаралды
Сұрақ-жауап ЕурАзЭО-мен тең Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.azh.kz сайтынан 2 ақпан 2017, 00:00 2 323 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бағдаршамдар тапшылығы Біріншіден, Атырау-Доссор трассасынан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу қауіпті. Әкімшілік полиция басқармасы өткен жылы осы жерде бағдаршам орнатуға уәде берген еді. Ол қашан орнатылады? 10 қараша 2016, 00:00 2 774 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сізге сәлемдеме бар! Кедендік акциздер салынбайтын қандай салмақтағы жүкті Қазақстанға алыс шетелден поштамен жіберуге болады? Поштамен жіберілетін тауардың бір түрі қандай мөлшерде болуы мүмкін? 3 қараша 2016, 00:00 2 502 рет қаралды
Сұрақ-жауап Техникалық тексеруден өтуі тиіс Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу және қайта жоспарлау саласында процедуралардың жеңілдетілгені туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда: егер бұрын ішкі қабырғаның қалыңдығын 5 сантиметрден қалың етіп қайта жоспарлау үшін өкілетті органның (сәулет, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының) келісімі қажет болса (онсыз техникалық тексеру жүргізу қызметі көрсетілмейтін), енді негізгі арақабырғаларды қайта жоспарлаған жағдайда ғана оны заңдастыру қажет болады. 27 қазан 2016, 00:00 2 385 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақша болса, үй күреледі Менің сұрағым Алтай көшесі, 7-үйге (көшеде барлығы сегіз пәтерлік бес үй бар) қатысты. Бұл тозығы жеткен үй 1952 жылы салынған, жөндеу көрмеген. Өткен жылы бұрынғы қала әкімі Н.Ожаев біздің үйдің тұрғындарымен кездесіп, үйлеріміздің жақын арада күрелетінін, ал бізді көшіретінін айтты. Бізді көшіре ме, жоқ па? Бұл мәселе қашан шешіледі? 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 220 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жаңа маршруттар қажет Мечников – Баймұқанов көпірімен Атырау ықшамауданынан қала орталығына қарай, мәселен, Балықшы поселкесіне дейін жүретін автобус маршрутын шығара ма? Қазір бұл көпірдің үстімен жалғыз №11 автобус маршруты (Жұмыскер – «Дина» базары) өтеді. Бірақ бұл жеткіліксіз. 8 қыркүйек 2016, 00:00 2 706 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жол жиегіндегі көлік Күн сайын Құлманов көшесіндегі жол жиегінің екі жағына да (ТШО мен «Іскер» компаниясы ғимараттарының арасындағы шаршыда) көліктер қойылғанын көруге болады. Бұл көліктердің көпшілігі Атырау қалалық ІІБ қызметкерлеріне тиесілі. Осылайша қойылған көліктер бұл учаскедегі қозғалысты, әсіресе, қарбалас уақытта көлік қозғалысын көп қиындатады. 11 тамыз 2016, 00:00 2 621 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жер теліміне бақылау жасалады – Біздің қалада жеке сектордағы жер телімдерінің, коммерциялық құрылыстар мен жалғамаларды рәсімдеу кезінде алынған үй аумақтарының шекарасына қадағалау жасайтын мекемелер бар ма? Жер телімдеріне кадастрлық төлқұжаттарда көрсетілген мәліметтерді нақты шекаралармен салыстырып, бақылау жасайтын кім? 11 тамыз 2016, 00:00 2 658 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сотсыз болмайды 1944 жылы әке-шешем Қырым АКСР-нен Қазақстанға жер аударылды. Мен ата-анам арнайы қоныста болған кезде дүниеге келіппін. Бұған КСРО ішкі істер халық комиссариаты берген туу туралы куәлігім дәлел бола алады. Мен ақтау туралы анықтама алу үшін облыстық прокуратураға жүгінген едім, алайда деректі мұрағат мәліметтерінде қуғын-сүргіннің қолданылу фактісінің: менің және менің ата-анамның арнайы қоныстың тіркеу есебінде жоқтығына байланысты маған анықтама беруден бас тартты... 21 шілде 2016, 00:00 2 399 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тағы да жер туралы – Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш берейін деп халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ондағылар маған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен жер телімін алатын жердің көшірмесін алып келуім керек екенін айтты. Ал, қалалық сәулет бөлімінде маған ондай анықтама берілмейтінін айтты. Жер телімін берудің нақты тәртібін түсіндіріп берсеңіздер екен. 9 маусым 2016, 00:00 3 846 рет қаралды
Сұрақ-жауап Су қайта толды - Нұрсая ықшамауданындағы №55, 57 үйлердің кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды, әлсін-әлсін тасып, үйлеріміздің алды шіріген шалшыққа айналды. Бұған дейін бірнеше жерлерге хабарласып, жағдайымызды баяндадық, қалалық әкімдік, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, Нұрсаядағы коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне арыз түсірдік. Бірақ мәселеміз әлі шешілмей тұр. Терезелерімізді аша алмаймыз, есік алдына шығып отыра алмаймыз, себебі, шіріген судың иісі мен оған жиналған маса, шіркейлер мұрша бермейді. 9 маусым 2016, 00:00 2 614 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеделдік үшін қосымша ақы Мен жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Ал, қазір ол маған шұғыл қажет болып қалды, өйткені, біз пәтер сатып алу құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бұрынғыша газетке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру беру және үй кітапшасын көрсету міндетті ме? Және куәлікті жедел түрде алу қанша тұрады? 2 маусым 2016, 00:00 2 316 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заңдастыру + мемлекет кірісіне 10% Жақында баспасөзде мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылы 1 мамырда Атырау облысында ҚР тысқары жатқан жалпы сомасы 207,4 млн теңге болатын мүлік заңдастырылды деген ақпарат жарияланды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шетелден пәтер сатып алған болатынмын, соған қатысты менің қоятын сауалдарым бар еді. Мен бизнесменмін, бұл жылжымайтын мүлікті ешқандай заңды бұзбастан адал еңбегіммен тапқан ақшама сатып алдым. 2 маусым 2016, 00:00 2 320 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күдікті ұнтақ Қала базарларында түрлі сауда таңбасымен сатылатын кір жуғыш ұнтақтардың сапасының төмендеп кеткендігін айтқым келеді. Жуылған киімдерімізде дақтар мен жағымсыз иістер қалып қояды. 26 мамыр 2016, 00:00 2 418 рет қаралды
Сұрақ-жауап «...Көршіміз артық» болмай шықты Жатақханаларды күреу жөніндегі облыстық бағдарламаясында Досмұхамбетов (бұрынғы Тельман), 15 мекен-жайындағы үйді осы жылдың қаңтар айында күреп, тұрғындарға Нұрсая ықшамауданынан пәтерлер беруі тиіс еді. Алайда, біздегі үш пәтердің иесі өздеріне қала орталығынан екі бөлмелі пәтер беруін талап етті. Осыған байланысты барлық тұрғындарға пәтер беруден бас тартты. 26 мамыр 2016, 00:00 2 132 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мемлекеттік нөмір үшін төлеуге тура келеді ӘПБ-ден қайта жарақтауға рұқсат алған соң көлігіме газ жабдығын орнаттым. Бірақ техникалық төлқұжатқа қажетті өзгерістер енгізуге келген кезде маған басқа төлем түрлерінен бөлек менің жаңа тіркелген мемлекеттік нөмірім үшін тағы төлеуге тиіс екенімді айтты. 5 мамыр 2016, 00:00 2 137 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қабылдағыштар жаңартылды Менің Отау ТВ жерсеріктік телехабар тарату желісіне қосылғаныма жарты жыл уақыт болды. 18 сәуірде техникалық үзілістен соң телеэфир қосылған кезде «Еуразия», «КТК», «НТК» телеарналарынан басқа қазақ тілінде телехабар тарататын арналар көрсетпей қалды. Бұл немен байланысты? 5 мамыр 2016, 00:00 2 275 рет қаралды
Сұрақ-жауап Куәлік бұрынғыша беріледі Қазіргі уақытта автомектептен оқымай-ақ жүргізуші куәлігін алуға бола ма? 5 мамыр 2016, 00:00 2 472 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кәріз көлшіктері «Тамаша» сауда орталығының маңында үнемі кәріздік ағын сулардан көлшік жиналып қалады. Бұл біреулерді алаңдата ма, әлде тек мені ме? 28 сәуір 2016, 00:00 2 573 рет қаралды
Сұрақ-жауап Елес үйлер Үйлерімізді 1952 жылы «Геофизика» бірлестігінің құрылыс учаскесі салған. Бұл бір ауладағы он үй – Алтай көшесіндегі 5 үй мен қарсы тұрған Азаттық даңғылы бойындағы 5 үй. 90-шы жылдардың аяғында Азаттық бойындағы үйлер жөндеуден өтті, ал, Алтай көшесіндегі үйлер 1978 жылдан бері жөндеу көрмеген. 27 сәуір 2016, 18:21 2 608 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ипотекалық компания ұсынатын баспана – Ақтөбе қаласында «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, ал, бізде - Атырауда неге 29 жасқа дейін деп көрсетілген. 14 сәуір 2016, 00:00 3 987 рет қаралды
Сұрақ-жауап Молдова азаматтары үшін - 90 күн – Мен Молдова азаматымын, қазіргі уақытта отбасылық жағдайыммен Атырау қаласында жүрмін. Жеке тұлғамен еңбек шартын жасауды жоспарлап отырмын. Маған көші-қон полициясында ондай келісімшартты тек үш ай мерзімге ғана жасауға құқылы екендігімді айтты. Одан соң ҚР аумағынан шығуға міндетті екенмін. 14 сәуір 2016, 00:00 2 557 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шипажайға үш жастан бастап барады – Менің екі жастағы балама бронх демікпесі деген диагноз қойды. Мұндай диагнозы бар балаларды біздің облысымызда қалай емдейді? Қандай да бір емдеу шаралары жүргізіле ме? Осындай диагнозбен балалар есепке алына ма? Қандай мамандар қандай бақылау жүргізеді? Мұндай диагнозбен балаларға сауықтыру шипажайларына жолдама, сондай-ақ, емделуге квота беріле ме? Егер берілетін болса, қайда барып жолығады, қалай рәсімдеу керек? 14 сәуір 2016, 00:00 2 578 рет қаралды
Сұрақ-жауап АМӨЗ маңы қауіпті – АМӨЗ жанында көлік қоюға арналған кең алаң бар. Алайда олар қоршалған және зауыт күзеті ол жерге көлік қоюға рұқсат етпейді. Зауыт алдындағы алаңға да көлік қоюға болмайды. Күзетшілер зауытқа келушілерді көліктерін жол жиегіне қалдыруға мәжбүрлейді. Ол жер лайсаңда аяқ алып жүргісіз балшық және бос жер табу өте қиын. Көлікті зауыттан едәуір қашықтыққа қалдырып, содан соң жаяу жол жиегімен баруға тура келеді. Өйткені, бұл жерде жаяу жүргінші жолы жоқ. Келушілерге арнайы бөлінген орынға не себепті көлік қоюға тыйым салған? 31 наурыз 2016, 00:00 3 233 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтер ме, жер телімі ме? – 2004 жылы жер телімін алуға құжаттар тапсырдым, ал бірнеше жылдан соң пәтер алу кезегіне тұрдым. Жақында маған пәтер мен жер телімін қатар алуға болмайтынын, кезектің бірінен бас тартуға тура келетінін айтқан еді. Осы дұрыс па? 10 наурыз 2016, 00:00 3 899 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмысы алыс ерте тұрады – Мен қала сыртында 15/15 күндік вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Бірақ күн сайын кешке үйіме келемін. Жұмыс күні сағат 7.00-де басталып, сағат 19.00-ге дейін жалғасады. Жұмысқа уақытында жету үшін қызмет көлігі мені сағат 5.30-да алып кетеді. Үйімнен жұмысыма дейінгі жолға кететін сағатқа төлемақы алуға құқылымын ба? 3 наурыз 2016, 00:00 2 673 рет қаралды