Атырау, 1 қаңтар 06:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды Оқиға

Сағыз-Миялы жолындағы апаттан бес адам қаза болды

Бүгін, 22 қазанда күндіз Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолының 15 шақырымында Toyota Ipsum және  Lada Granta көліктері соқтығысып, жол апаты орын алды. Нәтижесінде оқиға орнында бес адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. 22 қазан 2022, 21:19 2 971 рет қаралды
Құлсары трассасындағы ажалды апат Оқиға

Құлсары трассасындағы ажалды апат

21 қазанда сағат 19:15 шамасында Құлсары-Сарықамыс тас жолында «Нива» мен «Лада» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Ниваның» 64 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сурет Бейнежазба 22 қазан 2022, 13:59 3 251 рет қаралды
Бос орындар жәрмеңкесінде 700 адам жұмыс тапты Атырауда

Бос орындар жәрмеңкесінде 700 адам жұмыс тапты

Атырауда 44 кәсіпорын мен ұйымның, соның ішінде мемлекеттік органдар мен полиция департаментінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 22 қазан 2022, 13:48 2 427 рет қаралды
Жылыойлық Нұрсипат – америкалық дипломды болашақ нейрохирург Қоғам

Жылыойлық Нұрсипат – америкалық дипломды болашақ нейрохирург

Жылыой ауданының 17 жастағы тумасы Нұрсипат НҰРМАНБЕТОВА әлемнің беделді 15 университетінен шақырту алып, АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Пейс университетінің «нейрохирургия» мамандығы бойынша медицина факультетін таңдады. Ол кампуста тегін тұруға арналған грантпен оқиды және шәкіртақы алады, - деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сурет 22 қазан 2022, 13:14 2 232 рет қаралды
Хаменованың соты: «Бұл жерде шоу жасамаңыздар!» Хаменованың ісі

Хаменованың соты: «Бұл жерде шоу жасамаңыздар!»

Бүгін, 21 қазанда Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ісі бойынша өтіп жатқан кезекті сот отырысында прокурор Лаура АСАНОВА сотталушы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТЫҢ алдыңғы сот отырысында берген айғақтарына байланысты сот тергеуін қайта бастауды сұрады. Сурет Бейнежазба 22 қазан 2022, 02:21 2 705 рет қаралды
Жалғасқан жол-көлік апаты Атырауда

Жалғасқан жол-көлік апаты

20 қазанда сағат 21:20 шамасында Молдағұлова көшесінің бойындағы «Мұра» дүкенінің тұсында Subaru көлігі жаяу жүргіншіні қағып, соққы екпінімен «ВАЗ» көлігіне соғылған. Ал «ВАЗ» алдында тұрған «Газель» көлігіне соқтығысқан. 21 қазан 2022, 23:31 1 658 рет қаралды
Жастар жанжалында оқ атылды: бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды Атырауда

Жастар жанжалында оқ атылды: бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

21 қазанға қараған түні Атырау қалалық полиция бөліміне облыстық ауруханадан 17 және 18 жастағы қала тұрғындарының оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін, 22 жастағы тағы бір қала тұрғынының кеудесінен алған оқ жарақатынан қаза болғаны туралы хабарлама түскен. 21 қазан 2022, 14:59 1 578 рет қаралды