
Атырауда шаңды дауылдардың алдын алу жолдарына қатысты ғылыми қауымдастықтың қатысуымен жиын өтті.
Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен кездесуге ғылыми ұйымдар, бейінді институттар және жеке зерттеу компанияларының өкілдері қатысты.
Жиында шаң түзілуін азайту, топырақты бекіту және көгалдандыруға бағытталған ғылыми әдістер мен тәжірибелер талқыланды. Қатысушылар мәселені кешенді түрде шешу үшін ғылыми орта мен салалық құрылымдардың күшін біріктіру қажеттігін атап өтті.

Аймақ басшысы ғылыми ұсыныстарды негізге ала отырып, көгалдандыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жоспар бір айдың ішінде іске асырыла бастамақ.
Бұған дейін Атыраудың неге шаңды дауылдардан тұншығып отырғаны туралы айтылған еді. Сол кезде облыс әкімі өңірде шаңды дауылдар мәселесін шешу үшін нақты шаралар әзірлеуді тапсырған болатын.
В Атырау -10