Атырау, 25 маусым 05:18
 дождьВ Атырау +25
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Атырауда жаңа автобус бағыты ашылады

561 рет қаралды

Атырауда 2026 жылдың 6 сәуірінен бастап жаңа №68 «Балықшы – Дамбы» автобус бағыты іске қосылады.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл маршрут Көк-Арна (Түбек), Зарослый-2 және Қызылбалық-2 елді мекендерінің тұрғындарының өтініштері негізінде енгізіліп отыр. 

Жаңа бағыт аталған аудандардың тұрғындары үшін көлік қолжетімділігін жақсартып, күнделікті қатынасты жеңілдетеді деп күтілуде.

Маршруттың мақсаты – елді мекендер арасындағы байланысты нығайту және қоғамдық көлік қызметінің қолжетімділігін арттыру.

2 сәуір, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.