Атырау, 22 желтоқсан 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мәжіліс Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бекітті

992 рет қаралды

Мәжіліс премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

  • Дауыс беру барысында қолдағандар – 82;
  • Қарсы болғандар – 7;
  • Қалыс қалғандар – 8.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынған болатын.

Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

Еңбек өтілі:

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

  • 1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
  • 2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
  • 2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.
  • 2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
  • 2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
  • 2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі.
  • 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.
  • 2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
  • 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.


30 наурыз 2023, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.