Атырау, 5 мамыр 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

Италияның зілзала болған аймақтарында төтенше жағдай жарияланды Әлемде

Италияның зілзала болған аймақтарында төтенше жағдай жарияланды

Италия үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда төтенше жағдай жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 267 адамға жетті,- деп хабарлады Азаттық. 26 тамыз 2016, 15:22 2 764 просмотра
Назарбаев Ниязымбетов пен Левитті алтын медаль иегері ретінде марапаттады Қазақстанда

Назарбаев Ниязымбетов пен Левитті алтын медаль иегері ретінде марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті алтын медаль иегері ретінде жеңімпаз деп санауға болады деген пікір айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 26 тамыз 2016, 15:15 2 068 просмотра
Әке мен шеше түрмеде, қызы әжесінің қолында Басқа жаңалықтар

Әке мен шеше түрмеде, қызы әжесінің қолында

Әйелдерді түзету колониясындағы көшпелі отырыс барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бағлан ІДІРІСОВ кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын белгілеу жөніндегі азаматтық істі қарады. 26 тамыз 2016, 11:48 2 260 просмотра
Сириялықтар ителгі аулап ұсталды Оқиға

Сириялықтар ителгі аулап ұсталды

23 тамызда Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары қаласынан 70 шақырымдай жерде күдік тудырған «Митцубиси Паджеро» маркалы екі автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 12 калибрлі аң аулайтын мылтық пен 21 дана оқ-дәрі, 25 тірі көгершін құсы табылды. 26 тамыз 2016, 14:07 9 068 просмотра
Түркияның полиция бөлімшесінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар Әлемде

Түркияның полиция бөлімшесінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Джизра қаласындағы полиция учаскесінде жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі BBC-ке сілтеме жасап. Қауіпсіздік қызметіндегілердің мәліметінше, жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр. 26 тамыз 2016, 11:51 1 625 просмотра
Аңшылық маусым 3 қыркүйекте ашылады Басқа жаңалықтар

Аңшылық маусым 3 қыркүйекте ашылады

25 тамызда орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының Атырау облысының аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды аулаудың 2016-2017 жылға арналған күзгі-қысқы маусымының ашылуы туралы бұйрығы шықты. 26 тамыз 2016, 13:26 2 830 просмотра
Дональд Трамп: заңсыз мигранттарға АҚШ азаматтығын бермейміз Әлемде

Дональд Трамп: заңсыз мигранттарға АҚШ азаматтығын бермейміз

Республика партиясы атынан АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп заңсыз мигранттарды жаппай еліне қайтаруға қатысты өз ұстанымынан айнып қалды. Дегенмен, ол босқындарға Америка азаматтығы берілмейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz сайты CNN агенттігіне сілтеме жасап. 26 тамыз 2016, 11:42 2 320 просмотра
Қызылорда облысы: "Жерді заңсыз иеленген" 800 адамға айыппұл салынды Қазақстанда

Қызылорда облысы: "Жерді заңсыз иеленген" 800 адамға айыппұл салынды

Қызылорда облыстық прокуратурасы "жер телімдерін өз бетімен басып алудың" 800-ден астам фактісі анықталғанын мәлімдеді. Прокуратураның мәлімдеуінше, "басып алған жер телімдеріне үй сала бастаған" 496 адам анықталған,- деп хабарлады Азаттық. Бір ай ішінде 381 тұрғынға "мемлекет меншігі құқығын бұзғаны үшін" 57 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. 26 тамыз 2016, 11:22 1 720 просмотра
Иран OPEC-тің мұнай бағасын көтеру жиынына қатыспақ Әлемде

Иран OPEC-тің мұнай бағасын көтеру жиынына қатыспақ

Иранның мұнай министрі Бижан Зангане Тегеранның Мұнай өндіруші елдер ұйымының (OPEC) қыркүйекте Алжирде өтетін мұнай бағасын көтеру шаралары жөніндегі жиынына қатысатынын растады,- деп хабарлады Азаттық. Занганенің бұл сөзі бірден мұнай бағасының аз да болса көтерілуіне әсер етті. 25 тамызда Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 62 центке көтеріліп, 49,67 долларды құрады. 26 тамыз 2016, 11:18 1 359 просмотра
Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына 10 миллион теңге жұмсалады Қазақстанда

Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына 10 миллион теңге жұмсалады

Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына шамамен 10 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы қаласын Дамыту орталығы" басқармасының төрағасы Жанна Төлегенова хабарлады. 26 тамыз 2016, 11:13 1 638 просмотра
«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, 3,4 млн еуро пайда тапты Қазақстанда

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, 3,4 млн еуро пайда тапты

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының екі кезеңінде ойнады. Мықтылардың додасында шотландиялық Селтиктен бір ғана ұпай айырмасымен жеңілген «Астана» автоматты түрде Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Мұнда алғашқы ойында елордалықтар Беларустың БАТЭ-сін ұтып (екі ойынның қорытындысы 4:2 – 0:2, 2:2), Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Осылайша, қазақстандық клуб 3,4 млн еуро пайда тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 26 тамыз 2016, 11:03 2 458 просмотра
Құрманғазы ауданындағы ЖКО: бір адам қаза тапты, үшеуі ауруханада Басқа жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы ЖКО: бір адам қаза тапты, үшеуі ауруханада

23 тамызда таңертең Ақтөбе-Астрахан трассасының 797-ші шақырымында Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінің аумағында кісі өлімімен аяқталған ЖКО орын алды. 25 тамыз 2016, 18:55 2 273 просмотра
Ауылдар үшін су бағасы қымбаттайды Басқа жаңалықтар

Ауылдар үшін су бағасы қымбаттайды

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті өз сайтында 19 қыркүйек күні сағат 10-да департамент кеңсесінде (Атырау қаласы, Авангард -4 ықшам ауданы, 3 «в» үй) «ҚазСуШар» РМК облыстық филиалының каналдар және магистралды құбыр желісі бойынша су берудің шекті тарифін бекіту жөніндегі өтініші бойынша жұртшылық тыңдауы басталады деген хабарламасын жариялады. 25 тамыз 2016, 16:00 2 924 просмотра
Әуе билеттері қымбаттай ма? Басқа жаңалықтар

Әуе билеттері қымбаттай ма?

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті өз сайтында: 16 қыркүйекте сағат 11.00-де департамент кеңсесінде (Атырау қаласы, Авангард-4 ықшамауданы, 3 «в» үй) әуе тасымалдаушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шекті тарифін бекіту жөніндегі «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ өтініші бойынша жұртшылық тыңдауы басталады деген хабарлама берді. 25 тамыз 2016, 17:34 2 818 просмотра
​Қозғалысты шектеу туралы ескерту Басқа жаңалықтар

​Қозғалысты шектеу туралы ескерту

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары! Қалалық әкімдік дренаж жүйесін жүргізуге байланысты 27 тамыз күні сағат 8.00-ден 28 тамыз күнгі сағат 20.00-ге дейін Сәтбаев даңғылының бір жолағы бойынша (жұп нөмірлі үйлер жағы) – Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан Орталық көпірге дейін ішінара автокөлік қозғалысына шектеу қойылатынын ескертеді. 25 тамыз 2016, 17:55 2 426 просмотра
ҚР БҒМ мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді Қазақстанда

ҚР БҒМ мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мектептерде смартфондарды қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанадағы брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты. 25 тамыз 2016, 14:50 2 678 просмотра
«Сұңқар» атты Қазақстан-Ресей зымыраны коммерциялық пайдалануға 2025 жылы беріледі Қазақстанда

«Сұңқар» атты Қазақстан-Ресей зымыраны коммерциялық пайдалануға 2025 жылы беріледі

Байқоңыр айлағында негізгі ғарыш кемесіне айналуы тиіс Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Сұңқар» зымыраны 2024 жылы құрастырылып бітеді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. 25 тамыз 2016, 10:37 2 845 просмотра
Ердоған: Біз қолдаған көтерілісшілер Сириядағы қаланы ИМ-нен босатты Әлемде

Ердоған: Біз қолдаған көтерілісшілер Сириядағы қаланы ИМ-нен босатты

Түркия президенті Режеп Ердоғанның сөзінше, Түркия қолдайтын көтерілісшілер Сирияның Жараблус қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларынан қайтарған. Ердоған бұл туралы Анкарада АҚШ вице-президенті Джо Байденмен кездесуде, түрік танктері мен әскері Түркия және АҚШ әскери-әуе күштерінің қолдауымен Сирия шекарасынан өткен соң мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 25 тамыз 2016, 10:26 2 559 просмотра
Есіктегі зорлау оқиғасы: ІІД полицейлердің әрекет етуге құлықсыздығы туралы шағымдарға жауап берді Қазақстанда

Есіктегі зорлау оқиғасы: ІІД полицейлердің әрекет етуге құлықсыздығы туралы шағымдарға жауап берді

Алматы облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері Есікте зорланған қыздың туыстарының полицейлердің ешқандай шара қолданбауына байланысты айтқан шағымдарына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 тамыз 2016, 10:23 2 526 просмотра
Баланың емі үшін Олимпиада-2016 жүлдегері өз медалін сатып жіберді Әлемде

Баланың емі үшін Олимпиада-2016 жүлдегері өз медалін сатып жіберді

Поляк спортшысы Петр Малаховский Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада диск лақтыру бойынша жеңіп алған күміс медалін қатерлі ісікпен ауыратын үш жасар баланың емін төлеу үшін сатып жіберген. Бұл туралы поляк өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі Gazeta.ru-ге сілтеме жасап. 25 тамыз 2016, 10:19 2 025 просмотра