Әйелдерді түзету колониясындағы көшпелі отырыс барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бағлан ІДІРІСОВ кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын белгілеу жөніндегі азаматтық істі қарады.
Сот бекіткендей үш жастағы қыздың ата-анасы ажырасқан, соттың шешімі бойынша бала анасының тәрбиесінде қалған. Алайда, 2016 жылы әйел есірткі затын өткізу бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Баланың әкесі де есірткіні өткізу бойынша түрмеде жазасын өтеуде. Бүгінгі таңда бала әжесінің қолында тұрып жатыр. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай сот отырысы барысында тараптар қыздың анасы түрмеде отырған кезде әзірге өз әжесінің қолында тұрады деген бітімге келді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ