23 тамызда таңертең Ақтөбе-Астрахан трассасының 797-ші шақырымында Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінің аумағында кісі өлімімен аяқталған ЖКО орын алды.
Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВТЫҢ хабарлағанындай, Атырау қаласының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Лада Ларгус» пен Құрманғазы ауданы Кудряшево ауылының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Тойота Эстима» автокөліктері қарама-қарсы соқтығысқан. Соның салдарынан «Лада Ларгус» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Тойота Эстима» жүргізушісі мен екі жолаушысы ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағымен («Көлік құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы») соталды тергеу жұмысы басталды.
Ляззат КАРАЖАНОВА