Атырау, 27 қараша 09:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ердоған: Біз қолдаған көтерілісшілер Сириядағы қаланы ИМ-нен босатты

2 642 просмотра

Түркия президенті Режеп Ердоған (оң жақта) АҚШ вице-президенті Джо Байденмен кездесуде. Анкара, 24 тамыз 2016 жыл. Фото: ReutersТүркия президенті Режеп Ердоғанның сөзінше, Түркия қолдайтын көтерілісшілер Сирияның Жараблус қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларынан қайтарған. Ердоған бұл туралы Анкарада АҚШ вице-президенті Джо Байденмен кездесуде, түрік танктері мен әскері Түркия және АҚШ әскери-әуе күштерінің қолдауымен Сирия шекарасынан өткен соң мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық.

Ақпараттарға қарағанда, Сирия ерікті армиясының жасақтары қатысқан операция Жараблустан ИМ содырларын ығыстырып, оған шабуылдап жатқан күрд жасақтарын тойтаруды мақсат еткен. Байден "Біз түрік әскерилерінің әрекетін толық қолдаймыз. Біз әуеден қолдау көрсеттік. Біз Түркия шекарасын оның өзі қорғауы тиіс деп санаймыз" деді. Бұған дейін ол күрд жасақтары Вашингтоннан ары қарай да көмек алғысы келсе Евфрат өзенінің шығыс жағалауына оралуы тиіс деген.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Сириядағы операция күрдтер Евфрат өзеніне дейін шегінбейінше жалғаса беретінін мәлімдеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

25 тамыз 2016, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.