Атырау, 23 сәуір 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Сириялықтар ителгі аулап ұсталды

9 049 просмотра

23 тамызда Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары қаласынан 70 шақырымдай жерде күдік тудырған «Митцубиси Паджеро» маркалы екі автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 12 калибрлі аң аулайтын мылтық пен 21 дана оқ-дәрі, 25 тірі көгершін құсы табылды.

Автокөілк ішінде Құлсары және Ақтау қаласының екі тұрғыны мен Сирия Араб Республикасының жеті азаматы болған. Сириялықтар полицияға Қазақстанға ителгі аулауға келгенін, ал, көгершінді соны аулауға пайдаланғанын түсіндірген.

Айта кету керек, ителгі аулау – араб шейхтарының сүйікті істерінің бірі.

Жылыой аудандық ІІБ бастығы Иса БЕКҚАЛИЕВТІҢ хабарлауынша, осы факт бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-тармағы («Заңсыз аң аулау») бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, шетел азаматтарының ҚР-сы аумағында жүру заңдылығын тексеру жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
26 тамыз 2016, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.