Атыраудағы Қарттар үйінде тұратын 73 жастағы әжей жеміске қақалып, тұншыға бастаған. Қызметкерлер жедел жәрдем шақырды.
«Біздің бригада оқиға орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім орын алды», - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз АБДРАХМАНОВА.
Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА