Атырау, 17 қаңтар 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.65
€ 544.64
₽ 5.16

Павлодар облысы әкімінің орынбасарын интим сипатта бопсалаған әйел сотталды

677 просмотра
видео кадры/primeminister.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемде бопсалау ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс бойынша жәбірленуші - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 39 жастағы павлодарлық әйел айыпталып отыр. Іс алқабилердің қатысуымен сотта қаралды. 4 мамырда алқабилер бұл іс бойынша үкім шығарды.

"194-баптың 4-бөлігі 2-тармағы ("Бопсалау") бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтеу тағайындалсын", - деді судья Нұрлан Айтбаев үкімді оқыды.

Ол алқабилер сотталушының өзіне тағылған әрекетке кінәлі екендігі туралы бірауыздан дауыс бергенін түсіндірді.

"Қылмыс жасаған кезде мүгедек ұлыңыз болғанын ескере отырып, сот ең төменгі шектен төмен жаза тағайындады", - дді судья Айтбаев.

Сотталған әйел сот залында қамауға алынды.


4 мамыр 2024, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.