Атырау, 27 қараша 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Дональд Трамп: заңсыз мигранттарға АҚШ азаматтығын бермейміз

2 383 просмотра

Фото: lenta.ruРеспублика партиясы атынан АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп заңсыз мигранттарды жаппай еліне қайтаруға қатысты өз ұстанымынан айнып қалды. Дегенмен, ол босқындарға Америка азаматтығы берілмейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz сайты CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Мың құбылатын Дональд Трамп бұған дейін мигранттарды отанына қайтару керек деп ұрандатып, онсыз да отансыз, баспанасыз қалған босқындарға қатты шүйліккен еді.

Енді келіп, «Ешқандай да азаматтық берілмейді. Менің қолыма құзірет беріңдер – оларға салық төлетемін, себебі ел аумағындағы бүкіл азамат салық төлеуге міндетті. Шекарадан заңсыз өткені үшін оларға рақымшылық көрсетілмейді», - дейді Трамп.

Қазір Дональд Трамп сотталған шетел азаматтарын АҚШ-тан қуу идеясын ұсынып жүр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада АҚШ-та президенттік сайлау өтеді. Республика партиясы атынан кандидаттығын 3 мамырда ұсынған Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымы бар болғаны әзірге осы болып отыр.

Америкалықтардың 57%-ы президентті тек Дональд Трамп пен демократ Хиллари Клинтон арасынан таңдауға қарсы болып, республикалық партия өкілі Тед Круз бен Огайо губернаторы Джон Кейсикті де кандидаттар тізіміне алуды талап еткен болатын.

Дереккөз: BNews.kz

26 тамыз 2016, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.