Атырау, 19 желтоқсан 09:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Аңшылық маусым 3 қыркүйекте ашылады

3 069 рет қаралды

25 тамызда орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының Атырау облысының аңшылық алқаптарында жабайы жануарларды аулаудың 2016-2017 жылға арналған күзгі-қысқы маусымының ашылуы туралы бұйрығы шықты.

Аумақтық инспекцияның ерекше қорғалатын табиғи аумақ бөлімі басшысының міндетін атқарушы мереке ШАЛХАРОВТЫҢ хабарлауынша, аңшылықтың мынадай мерзімдері белгіленген: суда жүзетін құстарға (үйрек, қаз және қасқалдақ) және шілге – 2016 жылдың 3-ші қыркүйегі пен 30 қараша аралығы, қоянға – 2016 жылдың 15-ші қазанынан 2017 жылдың 15-ші ақпанына дейін, қабанға – 2016 жылдың 3-ші қыркүйегінен 31-ші желтоқсанға дейін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
26 тамыз 2016, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.