Атырау, 19 желтоқсан 06:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Банк пен билікке сенбейтіндер әлі кезекте тұр». «Қанды қақтығыс – украин халқы үшін ауыр сабақ». «Тұрғын үй бағасы төмендей ме?». «Янукович өз еркімен биліктен кете ме?». «Сәби саудасымен айналысқан елдің ертеңі не болмақ?!».

1 910 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «Теңгенің құнсыздануы еңбек мигранттарына да әсер етті» - Қазақстандық валютаның құнсызданғаны басқа елдерге де әсер етіп жатыр. Отбасын асырау үшін Қазақстанға келген еңбек мигранттары да девальвациядан жапа шекті.

«Банк пен билікке сенбейтіндер әлі кезекте тұр» - «Банктердің банкротқа ұшырауы» жөнінде тараған жалған SMS-тің мазмұнын банк өкілдері жоққа шығарғанына қарамастан халық салымдарын қайтарып жатыр.

AIKYN.KZ   «Қанды қақтығыс – украин халқы үшін ауыр сабақ» - Кеше украиндықтар саяси жанжалдың салдарынан жазықсыз қаза болғандарды еске алып, аза тұтты.

«Тұрғын үй бағасы төмендей ме?» - Қазақстандық тұрғын үй саудасымен айналысып жүрген мамандардың пікірінше, дәл қазір еліміздің барлық аймақтарында көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтер немесе жекеменшік тұрғын үй сату уақытша тоқтап тұр.

«Мамандық пен жамандық» - Әлемде жиі ауызға алынатын күрделі, сонымен қатар жеңіл-желпі де мамандық көп.

SERKE.ORG.  «Янукович өз еркімен биліктен кете ме?» - Украинада қалыптасқан шиеленісті жағдай соңғы жылдарда дүние жүзінде болған ең қауіпті дағдарысқа айналуы ықтимал. Тығырықтан шығудың бір-ақ жолы бар. Бұл – мерзімнен бұрын сайлау өткізу. Батыс сарапшылары мен саясаткерлері осындай пікірде.

«Жастар саясаты былығып жатыр. Оспанқұлов Өтешевтің ізімен келеді» - Анау деп, мынау деп әңгімені көбейтпей мақаламды бір ғана сұрақтан бастағым келіп отыр. Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі жағдайы қалай?

QAMSHY.KZ  «Әлихан Бөкейханның дипломы табылды» - Бұл құжаттардың барлығы қазір жаңадан салынған Санкт-Петербург қаласындағы Ресей ұлттық мұрағатында сақталып қалыпты.

TURKYSTAN.KZ.  «Украина спортшылары Олимпиададан бас тартты» - Айта кету керек, украиндық шаңғышы Богдан Мацецкая және оның әкесі һәм жаттықтырушысы Олег Мацецкий патриоттық танытты. Олар Сочи олимпиадасындағы спорттық сайыс ойындарына әрі қарай қатысудан бас тартты.

«Солтүстік Қазақстанға көз салған Лимонов жазасын тартады» - Бұл бассыздықты ауыздықтап, аузына келгенді оттайтын Лимонов мырзаға тосқауыл болар ешкім табылмап еді. Алайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ресейге Лимоновтың іс-әрекетін түсіндіріп беру туралы нота жолдайтынын жариялады.

«Бұны арандату дейді?!.» - Бір емес, бірнеше банкті банкротқа ұшырайын деп жатыр деп жалған ақпарат таратқан, адамдарды арандатуға тырысқан, отандық қаржы саласы мен банк жүйесіндегі тұрақтылыққа қауіп төндіруге тырысқан мысықпиғылдылардың көздегені не?

QAZAQUNI.KZ    «Сәби саудасымен айналысқан елдің ертеңі не болмақ?!» - Ащы да болса шындық: бүгінде сәбиді де сатып алуға болады. Қызылшақаның құны бар болғаны 30-ақ мың теңге.

TENGRINEWS.KZ.  «Украина президентінің балалары туралы ресми мәлімдеме жасалды» - Донецкі прокуратурасының дерегіне сілтеме жасаған украиналық баспасөз құралдары, бейсенбі күні, президент Януковичтің екі ұлы отбасымен бірге, жедел, арнай ұшақпен ел аумағынан шығып кеткені туралы ақпарат таратқан.

«Викингтер 22 ақпанда ақырзаман болады деп болжам жасапты» - Скандинавия мифологиясына сәйкес 22 ақпан, сенбі күні құдайлар мен құбыжықтардың соңғы соғысының нәтижесінде әлем апокалипсиске ұшырамақ.

21 ақпан 2014, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.