Атырау, 19 желтоқсан 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Халықпен санаспаудың ақыры қатерге айналды». «Құнсызданудан құтылудың жалғыз жолы – саяси өзгерiстер». «Үкiметте қауқар жоқ». «Қазақстанның солтүстігін қарпып қалуымыз керек».«600 млн.теңгені қолды қылған Мусин кім?».

3 051 просмотра

ZHASALASH.KZ.    «Халықпен санаспаудың ақыры қатерге айналды» - Украинада 25 адам өлiп, мыңдаған адам жараланды.

«Құнсызданудан құтылудың жалғыз жолы – саяси өзгерiстер» - Девальвацияны үш мәрте бастан өткерген Қазақстанның төл теңгесi қазiргi құнын қанша уақытқа дейiн ұстап тұра алады?

«Келiмбетов тағы да сабырға шақырды» - Сейсенбi күнi үш банк басшылығы мен Ұлттық банк жетекшiсi бұл ақпаратты терiске шығарған.

«Үкiметте қауқар жоқ» - Президенттiң күркiреп, шүйлiгуi ширатты ма, үкiметтiң кеңейтiлген отырысынан соң Серiк Ахметов қоластындағыларға тапсырманы үйiп-төктi.

AZATTYQ.ORG. "Қырымдағы сепаратистік ұйымдар күшейіп барады" - Украинадағы саяси және экономикалық дағдарыс екпіні Қырым түбегіне де жетті. Бұл аймақтағы Ресейге жақтас ұйымдар ұлт аралық араздықты қоздырғысы келетінін байқатты. Кейбіреулер «мұның ақыры Украинаның бөлінуіне әкеп соғады» деп қорқады.

«Балиева: Адам өмірінен ағаш қымбат болып тұр» - Мәжіліс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Кейбір депутаттардың айтуынша, кодексте «қылмысына қарай жазасы» принципі сақталмаған.

ABAI.KZ.   «Қазақстанның солтүстігін қарпып қалуымыз керек» - Өзін саясаттағы қаршығаға теңейтін ол Путинді көгершін деп отыр. Лимоновтың ойынша, Путин-көгершін Қазақстандағы қиын ахуалды пайдалана алмай отырған көрінеді.

«Әміржан Қосанов: Наразылық осы митингімен бітпейді» - Теңгенің құнсыздануына байланысты халық наразылығына оппозиция серкелері не үшін үн қатпады?

«Есімовтің есеп беру "концерті"» - «Концерт» деппіз-ау, шапалақ көп соғылып жатыр деген соң солай ойлап қалдық. Әйтпесе әкімнің қала жұртымен кездесуі ғой...

ZHEBE.COM   «Бұл жұрттың қарны ашты ма, жоқ қадірі қашты ма?» - Рас, құқық қорғаушылар да қарап қалмады. Бірқатары тұтқындалды,  біразына айып салынды.

«Хожалы қырғынын түркі жұрты ұмытпақ емес!» - Осыдан 22 жыл бұрын, 1992 жылдың 26 ақпанында Әзербайжанның Хожалы кентінде бауырлас халық қан жұтқан болатын.

ALASHAINASY.KZ.  «Ақшадан басқа арманы жоқ министрліктер кімге керек?» - Қалың бұқара үшін әлеуметтік маңызы зор министрліктер – денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер. Сол себепті де осы салаларға бөлінген қор көлемі жылдан жылға ұлғая түсуде. Алайда бөлінген қаржы көздері дұрыс игеріліп жатыр ма?

«Банктерді арандатудың артында Ресейдің құлағы қылтиып тұрған жоқ па?!» - Өткен аптадағы ұлттық валюта девальвациясы халықтың біраз мазасын қашырғаны белгілі. Ал баспасөздегі мамандардың бір болжамына сүйенсек, отандық банк секторына «от салушы» Ресей жақтан қол сұққан көрінеді.

TURKYSTAN.KZ.   «Қорғаныс саласындағы былық-шылық» - Қазақстанның қорғаныс саласында жемқорлық әбден дендеп кеткен сияқты.

«600 млн.теңгені қолды қылған Мусин кім?» - Елімізде дүбірлетіп өткізген «Азиада-2011» қысқы ойындарына бөлінген қаражатқа да ауыз салғандар су бетіне шығуда.

«Ринатты ешкім атқан жоқ» - «Ринатты атып кетіпті», «Ринат Зайытовты қамап қойыпты», «Ринат жоғалып кетіпті» деген сөздер желдей есіп жүр.

NUR.KZ. "Алматылық бірқатар тұрғын бойындағы жынын шығару үшін имамға жүгінді" - "Алладан қорқасың ба?- Қорқамын! - Қорықсаң шығып кет қазір", - деп имам адам бойына енген ібілісті аластатады. Иланатындардың айтуынша, шайтанды дәл осылай дұға етіп, құранның күшімен қашыруға, тіпті өлтіруге де болады екен. Ғаламторда осы сынды қаптаған видео көрген жанға көбіне "өтірік" деген ой түйгізеді. Бірақ 35 жылдан бері жын қуумен айналысқан түрік молдасы Мұхаммед Шахин бәрін рас деп отыр. Айтуынша, жер бетінде қанша адам болса, сонша жын-пері бар.

KTK.KZ. "«Банкротқа ұшырайды» деген банктердегі дүрбелең әлі басылған жоқ" - Жалған ақпарат еліміздің басты қалаларын былай қойғанда өңірлерге де тарапты. Мәселен, Семейде жұрт таң атысымен жаппай депозиттерін алуға келді. Ғимарат ішінен бір қадам шегінбейміз, деген елді сабырға шақыруға Ұлттық банк өкілдері жеткен. Белгілі болғандай, ақшаның бірден берілмеуіне инкассаторлардың жайбасарлығы себеп болыпты. Бірақ түс ауа түйіннің түйткілі тарқады. Kaspi bank басшылығы елді дүрбелеңге ермеуге үндеді. Банктегі жағдай тұрақты, жабылғалы жатқан «ешкім жоқ» деп отыр. Ақшасын қайтарғысы келген салымшы алдын-ала өтініш қалдырса, тиынына дейін санап беруге дайын. Ал арандатушылардың сазайын тарттырмақ.

20 ақпан 2014, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.