ZHASALASH.KZ. «Генералдарға бықпырт тидi» - «Арыстан басқарған қойлар» мен «қой басқарған арыстандар» туралы.
«Өтiрiктiң үлкенi – ең үлкен мiнбеден айтылған өтiрiк» - Президент Нұрсұлтан Назарбаев араб пен қытайға қазақтың жерiн ұзақ жылға жалға бере ме?
«Алматылық жастар девальвацияға қарсы бас көтердi» - Алматыда сенбi және жексенбi күндерi девальвацияға қарсы рұқсат етiлмеген митингiлер өттi.
«Кедендiк одақ “түрси соғысының” алдында тұр» - Бостан басын өз еркiмен қайтадан бұғауға тыққан бұл билiк ақыры қазақтың жанды жерiне тидi.
AZATTYQ.ORG. «Бәсекеге қабілетті диплом іздеген студенттер» - Қазақстандағы жоғары оқу орындарының білім сапасына кейбір студенттердің көңілі толмайды.
«Пастор Қашқымбаев шартты жазамен босатылды» - «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы, тоғыз ай абақтыда отырған Бақытжан Қашқымбаев бостандыққа шықты. Бірақ ол шіркеуге келіп жүрген әйелдердің бірінің «психикасына қасақана ауыр зардап келтірген» деген айыппен шартты жазаға сотталды.
«ВИЧ жұққан балалардың сегізі шетінеген» - Осы аптада "2013 жылы Қазақстанда 1 мың 941 адам ВИЧ жұқтырды" деген ресми есеп жарияланды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір жұмыс күні орташа есеппен бір адам ВИЧ жұқтырып, СПИД орталығына тіркеледі.
ALASHAINASY.KZ. «Ұлымыз - гей, қызымыз - лесбиян болған заман» - Ең сорақысы - қазақтың ұзын тарихында болмаған мұндай арсыздықта Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында «көш» бастап тұрғандығы.
«Патшалар тұтынған шөп түрлері» - Шекараның арғы бетіндегі қаракөздердің тұрмыс-тіршілігі қалай? Басты кіріс көзі не?
«Байқоңырды өз күшімізбен қашан игере аламыз?» - Жер шарындағы ғарыштық державалар баршылық. Олардың арасында Байқоңырдың жөні бөлек. Өйткені, қазақ даласында қоныс тепкен ғарыш айлағынан ең алғаш аспан әлеміне жол салынды.
ABAI.KZ «Теңге бағамының өзгергені жақсы болды» - Қалай десекте болар іс болды, енді девальвацияның пайдалы жағын сөз етіп жатқандарды тыңдап байқайық.
SERKE.ORG. «Ақпан төңкерісі»- Расында, Ақпан төңкерісі қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады. Оның үстіне, азаматтардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті.
AIKYN.KZ «Ел экономикасы құлдырап барады» - Өткен жылдың қарашасының соңғы күндері Украинада басталған дүрмекке әзірге нүкте қойылар емес. Керісінше, әртүрлі сценаримен дамып келе жатқандай. Қазір бұған тығырыққа тірелген елдің экономикасы қосылды.