Махамбет аудандық соты ҚР ҚК-ның 103-бабы, 3-бөлімі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша айыпталған Ақтоғай ауылының тұрғыны Александр БАЗАРОВҚА үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 10 қарашасында үйіне мас күйінде келген Базаров өзінің 62 жастағы анасынан зейнетақысын беруді талап кеткен. Ақша қолына тимеген соң анасын жұдырықтың үстіне алып, аяғымен тепкілеген ол оның басын жарда ілулі тұрған сағатпен бірнеше рет ұрған... Осының салдарынан анасы көз жұмған (Анасын өлімші етіп сабаған).
Енді ол үкім бойынша жазасын сегіз жыл мерзімге жалпы режимде өтемек.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА