11 қараша күні таңда Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен бірнеше дене жарақаттарын алған 62 жастағы әйел адамның өлі мүрдесі табылды.
Махамбет ауданы прокурорының аға көмекшісі Ақтолқын БУДЕНОВАНЫҢ хабарлағанындай, шұғыл іздестіру шаралары нәтижесіеде кешке жақын бұл әйелді өзінің туған ұлы өлімші етіп сабағаны анықталды. Күдікті ретінде ұсталған азамат өзінің жасаған қылмысын толықтай мойындап отыр. Одан жауап алынды.
Оның айтуынша, ол үйге мас болып келіп, анасынан оның зейнетақысын талап еткен. Ал оған бас тартқан соң, анасын соққыға жығып, тепкінің астына алған және жарда ілулі тұрған сағатпен басынан ұрған...
Оның үстінен ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігімен («Өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қылмыстық іс қозғалды. Махамбет аудандық соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жүріп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА