Атырау, 26 қараша 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Дедтарға» үкім шығарылды

2 599 просмотра

Ақтөбе гарнизонының әскери соты Атыраудағы 2016 әскери бөлімінің төрт сарбазына қатысты үкім шығарды. Олардың екеуі жалпы режимдегі колонияда бір жыл бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілсе, қалған екеуі шартты түрде бір жылға бас бостандықтарынан айрылды.

Естеріңізге салсақ, төрт шекарашыға қатысты қылмыстық іс былтырғы жылдың тамызында ҚР ҚК 181 бабы («Қорқытып алушылық») және 370 бабы («Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу») бойынша қозғалған болатын. Бұл «дедтардың» үнемі әлімжеттік көрсетуі салдарынан әскери бөлімнен үш сарбаз қашып шыққан еді Қашқындарды тез тапты» және «Әскердегі әлімжеттікке шыдамай қашып кеткен»).

Батыс аймақтық әскери прокурорының міндетін атқарушы Руслан ӘЛМАХАНОВТЫҢайтуынша, сотталушылардың кінәсі сотта толығымен дәлелденді.

- Бір жылға бас бостандығынан айрылған сотталушылардың бірі тергеу кезінде қамалды, себебі ол өзінің сыбайластары мен жапа шеккендерге қысым көрсетуге тырысқан. Ал екінші сотталушыны сот залында қамауға алды, - дейді Р.Әлмаханов. – Бұл жағдай бәріне сабақ болсын деген мақсатта сот үкімі бөлімнің жеке құрамының көзінше оқылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

17 ақпан 2014, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.