Атырау, 26 сәуір 23:59
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әскердегі әлімжеттікке шыдамай қашып кеткен

2 850 просмотра

9 тамызда ҰҚК шекара қызметінің 2016-әскери бөлімшесінен қашып шыққан үш сарбаз мұндай әрекетке оларды өздеріне көрсетілген әлімжеттіктің кесірінен барғанын растап отыр («Қашқындарды тез тапты»).

Естеріңізге салсақ, кешкі гарнизондық сапқа тұру кезінде үш сарбаз жоқ болып шығады. Олардың бәрі мамыр айында әскер қатарына шақырылған сарбаздар болатын. Екеуі Алматы облысынан, біреуі Шығыс Қазақстан облысынан. Ақтаудағы оқу орталығында қызметтерін өтей бастаған. Атыраудағы жаңа қызмет орнына қашар алдында бірнеше күн бұрын ғана келген.

Мұндай жағдайда орын алатындай, бірден іздеу тобы құрылып, кешікпей қашып кеткен әскери қызметкерлерді тауып алды. Олар «Насиха» базарының маңындағы қараусыз қалған екі қабатты ғимаратқа жасырынған екен.

ҰҚК әскери полициясы тергеу ісімен айналысуда. Сарбаздарды бөлімшені өздігінен тастап кеткендіктері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта қоймады. Өйткені қашқан күннен бастап 30 тәулік өтпеген болатын, ал бастысы – жігіттерді әскер қатарындағы байырғы сарбаздардың үнемі күшпен қорқытып, соққыға жығатындығы анықталды.

Батыс өңірі әскери прокурорының міндетін атқарушы Руслан ӘЛМАХАНОВТЫҢайтуынша, ҚР ҚК-нің 181-бабы («Қорқытып алушылық») және 370-бабы («Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқын сарбаздар өздерінің «дембель» төрт әріптестерін жарғылық қарым-қатынасқа сай емес әрекеттерге айыптап отыр. Олардың жауаптары бойынша, әріптестері өздерінің ұялы телефондарына үнемі бірлік салып тұруға мәжбүрлеп қана қоймай, жапа шегушілердің әрқайсысынан 40 мың теңгеден қолма-қол ақша талап еткен. Әбден ашынған жігіттер қашып кетуге бел байлапты.

Әзірге қылмыстық іс тергелуде, жапа шегушілердің барлығы әскери-тергеу бөлімінде уақытша отыр. Ал тергеліп жатқан сарбаздар әлі де шекаралық бөлімшеде.

Анастасия ПАСТУХОВА

17 қазан 2013, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.