Атырау, 19 желтоқсан 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Дарабоз».«Сүлейменовтің шынайы келбеті қандай?». «Теңгенің құнсыздануы – Ресей экономикасына берілген соққы». «Наразылық шеруінің жаңа бейнесі». «Алматыдағы митингі: "Оккупай Абай" болмады». «”Сандалар” қыздар».

1 980 просмотра

MAIDAN.KZ   «Дарабоз» - ...Бәрінен бизнес жасайтын машық таптық: жерді жаралап, байлығын саттық; ауаны пұлдап, у жұттық; арысты құрбан ғып, атомнан айырылдық; енді ас беріп, саяси ұпай жинауға кірістік...

MASA.KZ  «Сүлейменовтің шынайы келбеті қандай?» - В.Пиговаевтің мақаласынан кейін бұл әңгіме өзегі О.Сүлейменовтің  Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылы ішіндегі  адами және адамгершілік сипатындағы кейбір қадамдары туралы болмақ.

«Отандық жоғары білім - тұсауланған ат» - Отандық жоғары білім мен ғылымның дамуын тежеп, тұсауланған аттай адымын ашырмай отырған арамтамақ әкімшілік құрылымдардың санын қысқартып, ғылым саласын сыңаржақтылықтан, шолақ белсенділердің бюрократиясынан, шектен тыс қағазбастылықтан арылтпасақ, елімізде ғылым-білім дамымайды.

SHYN.KZ.  «Теңгенің құнсыздануы – Ресей экономикасына берілген соққы» - Кедендік одақта валюталар соғысы басталды: қазақ билігі теңгенің құнын бірден 20 пайызға дейін төмендетті.

NAMYS.KZ    «Мағжанның жұмбақ өлімі» - Сонымен алдымда екі сұрақ тұр. Біріншісі, «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз қайдан шықты? Екіншісі,  Мағжан Жұмабаев 1938-де атылмағанына кімдер куә, қандай дәлел бар?

AZATTYQ.ORG.   «Теңге девальвациясы мен салымшының жоспары» - Азаматтардың депозит салымындағы теңгесінің құны девальвациядан соң 19 пайызға кеміді.

«Босния бюрократиясы: сандар сөйлейді» - 1995 жылғы Дейтон келісімінен соң Босния мен Герцеговинада бейбітшілік орнаған еді.

«Наразылық шеруінің жаңа бейнесі» - Қазақстанның ең ірі қаласында девальвацияға қарсы рұқсат етілмеген жиынға жүздей адам ғана шықты. Бірақ бұл жиындар «саясаттан алыс» саналып келген жастар арасында наразылығын ашық танытуға әзір белсенді жандар пайда болғанын көрсетті дейді сарапшылар.

«Денис Тен: Мұзға шыққанда жүлдені ойламадым» - Сочи олимпиадасында Қазақстан командасынан алғашқы жүлде - мәнерлеп сырғанаудан қола медаль алған Денис Тен Азаттыққа сұхбат берді.

SERKE.ORG.  «Алматыдағы митингі: "Оккупай Абай" болмады» -  15 ақпан күні түсте Алматыдағы Абай ескерткішінің маңында теңгенің құнсыздануына қарсылық білдірген митингі болып өтті.

JASQAZAQ.KZ.   «”Сандалар” қыздар» - Мектеп жасындағы балалардың шекара асып, діни сауат алуына біздің елде заңды тыйым салынады. Тіпті Сирияда сойқан салған  соңғы оқиғаларға қатысты бұл мәселені мемлекет жіті қадағалауда. Сонда жастары 14-15-тегі 22 отандасымыз шекара асып, Түркияның құран курсына қалай тап болды? Міне, бұл мәселе жұмбақ.

«Қыздың қылығы Қытайда» - Құрбым, менің сөзімде мысқалдай мін немесе өтірік жоқ! Барым – шыным!.. Естуімше, Қытайға келіп оқитын қазақ студенттерінің дені сынақтан төмен нәтиже алғандар немесе қыдырып «тусовка» үшін келгендер екен.

17 ақпан 2014, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.