AZATTYQ.ORG. «Түрмеге жас дәрігер мен медбике неге керек?» - Қазақстанда еңбек дискриминациясымен күресетін қоғамдық ұйым пайда болды. Ұйым белсенділері кәдімгі хабарландырулардан жұрт елей бермейтін дискриминация мен лукизм белгілерін тапты.
«Оппозициядағы Алтынбек факторы» - Ақпанның 13-інде қастандықтан қаза тапқан саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының мәйітінің табылғанына 8 жыл толды. Белсенділер мен мамандар Сәрсенбайұлынан соңғы оппозицияға не жетпейтіні туралы пікір бөліседі.
«Ипотека: жеті рет өлшеп, бір рет піш» - «Ипотекалық несиені байлардың ғана қалтасы көтереді» деген сөзді билік жиі қайталайды. Бірақ ипотекалық дүрбелең тұсында несие алып, девальвациядан кейін төлем қабілетінен айырылған адамдар не істемек?
ABAI.KZ. «Петиция: ... Соның бәріне кім кінәлі? Олар – Аслан Мусин, Тимур Құлыбаев пен Қырымбек Көшербаев!» - Жаңаөзен оқиғасы – «бізде ешқандай да проблема жоқ» деп өзімізді алдағанның нәтижесі.
«Кері кетуіміздің он бір көрінісі» - Ұлттық теңгенің құнсыздануы – Қазақстан халқын бір-ақ күнде қайыршы күйге түсірді.
SERKE.ORG. «Назарбаев келесі президенттік сайлауға қатыса ма?» - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев америкалық Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында 2016 жылы өтетін сайлау жөнінде әңгімеледі.
«Қайрат Келімбетов: Теңгенің тағдырына жауаптымын» - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов «Қазақстан» Ұлттық теле арнасындағы «Apta.kz» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді.
QAMSHY.KZ «Қазақстан Қытай үшін Батыс аймағын игерудің кілті ғана» - Бүгінгі таңда Қытай өте тез қарқынмен дамуда, оның негізгі саясатының бірі – «Батыс өңірді ашу» саясаты.
AIKYN.KZ «Шекпеніңнің салмағы қанша, саясаткер?» - Шоу жұлдыздар да, саясаткерлер де сахна атаулының құдіретін енді ғана танып-біле бастағандай. Оған келу мен кетудің ара-салмағы теке-тіреске түсіп, соңғысы басымдыққа ие бола бастады.
ALASHAINASY.KZ. «"Ел Арна" неге жабылады?» - Ел құлағы – елу" демекші "Ел Арна" телеарнасының жабылатыны туралы ақпарат ел аузында жүр. Әлеуметтік желілерде де осы бір елді елеңдеткен жаңалыққа ойларын білдіріп жатқандар жетерлік.
«Ресей бензин бағасын көтерсе, біз не істейміз?» - Ресейдің Мұнай-газ өндірушілерінің президенті Генадий Шмаль мырза алдағы уақытта Ресей жанар-жағармайының 10 пайызға қымбаттайтынын да жасырмады.
TURKYSTAN.KZ. «Талғат Мұсабаев: «Арманым – Қазақстанды ғарыштық державаға айналдыру» - Қазір Қазақстан қоғамында ең көп талқыланып жатқан тақырыптың бірі де, бірегейі – «Байқоңыр» ғарыш айлағы және осы кешен төңірегіндегі әңгімелер.
QAZAQUNI.KZ «Британдық сарапшы Қазақстанның инфляцияға ұшырайтынын болжады» - Лондондағы “Economist Intelligence Unit” орталығының сарапшысы Алекс Найс Қазақстанда болған девальвация туралы өз ойымен бөлісті.
SKIFNEWS.KZ «Алдымен марапат, артынан түрме...» - ҰҚК қызметкерлері былтырдың өзінде Қорғаныс министрлігінің екі бірдей жоғары шендісін пара алды деген айыппен ұстаған еді. Осы жолы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғанына екі ай да толмаған еліміздің Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеевті қамауға алды.
«Естен тандырғыш...» - Соңғы үш-төрт күннен бері қазақ қоғамының антигеройы болып үлгерген Қайрат Келімбетовтің бір қарағанда қалың көпшіліктің көзінен таса ешнәрсесі де жоқ сияқты.
«Тіл – жаргон, ой – мәңгүрт...» - Бүгінгі жастардың «Оk», «хавчик», «тормоз»-дарға мойынсұнған мәңгүрт кейпіне қарамай, өз ана тілін, бай тілін менсінбейтіні өкінішті-ақ!