AZATTYQ.ORG. «Теңгенің құнсыздану жолы» - Соңғы девальвациядан кейін 1 доллардың құны 185 теңге деп белгіленді. 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның ұлттық валютасы шамамен 38 есе құнсызданды.
«Теңге бағамы төмендетілген» - Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, экономист Ораз Жандосов Азаттыққа теңге девальвациясына қатысты пікірін айтты.
«Оппозициялық БАҚ-тың жабылуы Қайзақстан рейтингін төмендетті» - Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» (RWB) ұйымының жыл сайынғы сөз еркіндігі рейтингінде 161-орында тұр. Пост-советтік елдер ішінде Қазақстан Өзбекстан мен Түркіменстаннан ғана жоғары тұр.
SERKE.ORG. «Ұлттық банк: Теңгенің құнсыздануының бес себебі» - "Біріншіден, бұл арада жетекші дамушы елдердегі, оның ішінде БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) елдеріндегі жағдай негізге алынып отыр.
TURKYSTAN.KZ. «Биліктің көздегені не?» - Теңге тағы да құнсызданды.
«Мемлекеттік тіл: Қорлаушы көп, қорғаушы жоқ» - Ана тіліміз неге өз дәрежесінде дамымай отыр?
«Қазақ қазысы мәскеуліктердің аңсар асы» - Биылғы жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында орналасқан «Бакара» ет комбинаты Мәскеу нарығына 200 тоннаға жуық майлы қазыларды жеткізбекші.
MINBER.KZ «Құлдыққа сатқан қазақты…» - 1737 жылы қатын патша Анна Иоановнаның пәрменімен Сібір жақта яғни қазіргі Қазақстанның солтүстік өңірінде құл саудасы заңдастырылды.
SKIFNEWS.KZ «Туристің таңдауы – тайланд...» - Адам баласы көріп, көңіл көкжиегімді кеңейтемін десе мына жер бетінде әлемнің жеті кереметінен басқа да көруге тұрарлық дүниелер, табиғаттың әсем де сұлу жерлері толып жатыр.
QAMSHY.KZ «Бақсы-пастор кімді басынған?» - «Благодать» пресвитериан шіркеуінің 67 жастағы пасторы Бақытжан Қашқымбаев ісіне қатысты сот куәгерлерден жауап алуға кірісті.
SHYN.KZ «Елдің атауы ауыспайды» - Сочи жайына қалды. Әдетте Мәскеуде жел соқса бізге дауыл болып жететін. Бұл жолы... Әлемдік деңгейдегі шара болса да Сочи олимпиадасы бізде бұрынғыдай даурығу туғызған жоқ. Себебі қазақ интернет кеңістігінде басқа тақырып талқылануда – елдің аты ауысуы мүмкін.
ZHEBE.COM «Бұндай үлкен деңгейдегі девальвация болуға негіз жоқ еді» - Біз нарықтық экономикадамыз. Нарықтық экономиканың циклмен дамитынын көріп отырмыз. Онда дағдарыс және одан шығу жолдары, өсім бәрі болады. Сол себепті девальвация болғаны аса таңғалысты жайт емес.