Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, шараны ұйымдастыру және өткізуге 12 мың адам қатысқан. Оған режиссерлердің бастамасымен 80 ірі декорация пайдаланылған. Оны ұзындығы 4 шақырым аспалы желі арқылы стадион үстінен алып өткен. Стадионға 132 прожектор шамы жарық берген. Ал шара телетранслясын 140 телекамера түсірген.
Естеріңізге сала кетсек, шараның соңында ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауын мәнерлеп сырғанаудан үш дүркін Олимпиада чемпионы Ирина Роднина мен шайбалы хоккейден үш дүркін Олимпиада чемпионы Владислав Третьяк жақты.
Ал, олимпиадаға Қазақстан құрамасында 52 спортшы барды. Жерлестеріміз 10 түрінен бақ сынайды.
Дереккөз: bnews.kz