Атырау, 19 желтоқсан 06:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Базар тағы өртенді. Мұнда не сиқыр бар?». «Украинаны “Ресей жендеттерінің” елесі кезіп жүр». «Саяси одақтан қауіп бар ма?». «Арулар байқауы байшыкештер “тоқал” іздейтін “қыз жәрмеңкеге” айналып кеткен жоқ па?». «Есімов Назарбаевтың саясатына қарсы ма?».

2 305 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «Украинаны “Ресей жендеттерінің” елесі кезіп жүр» - Бірер күн бұрын жоғалып кеткен «Еуромайдан» белсендісін құлағын кесіп, тырнағын жұлып азаптаған. Бұл оқиға Украинада «Ресейден келген жендеттер» туралы қаңқу әңгімені өршітіп жіберді.

«Түрмелерді ұялы байланысты шектейтін дуалмен қоршап жатыр» - Тұтқындарды ұялы байланыстан ажырату үшін ішкі істер министрлігі түрмелерді арнайы дуалмен қоршай бастады.

«Молдова мақсатына биыл жете ала ма?» - Молдова Еуропа Одағымен серіктестік келісіміне биыл қол қоюды жоспарлап отыр.

SHYN.KZ  «Есімовпен кездескенде бетіне түкіремін!» - Бүгінгі күннің басты тақырыбы – Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың біраз блогшыны түскі асқа шақырып, ФБ-тың мерейтойын атап өтуі болды.

«Бауыржан БАЙБЕК: Жаттанды болған жалтақ аргументтен арылу керек» - Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі «Нұр Отанның» қатаң бақылауында.

MASA.KZ  «Базар тағы өртенді. Мұнда не сиқыр бар?» - Не де болса, «крышасы» мықты біреудің базары немесе сол «крышаның» өз базары!

AIKYN.KZ  «Қағаз ақша туралы қызықты дерек» - Кезінде француз ойшылы Вольтер «Қағаз ақшалар қашанда өзіндік құны – нөлге теңеседі» деген екен.

«Саяси одақтан қауіп бар ма?» - Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус жетекшілерімен кездесті.

«Шындықты ашатын кез келді!» - Автор нақты архив материалдарына сүйене отырып, соғыстан кейінгі кезеңдегі сталиндік репрессия туралы, дәлірек айтсақ, әйгілі академик-ғалым әрі композиторды ұйымдасқан түрде жан-жақты қудалау туралы жазған.

«Ұрпақ денсаулығын ойлаймыз ба?» -  «Ел болашағы – дені сау ұрпақ» дейміз. Алайда қазіргі балалардың денсаулығы дәрігерлерді қатты алаңдатып отыр.

ALASHAINASY.KZ.  «Арулар байқауы байшыкештер “тоқал” іздейтін “қыз жәрмеңкеге” айналып кеткен жоқ па?» - Алғаш “Қыз сыны” деп басталған арулар байқауы қазір тым көбейіп кеткені соншалық “ауруға” айналған секілді.

«Тегін жер неге қымбат?» - Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-байтақ жеріміз бола тұра, басыбайлы баспанаға әлі де зәруміз. Қала тұрмақ, ауылдың өзінде жеке үй салайын деген мақсатпен жер кезегіне тіркелсең, жылдап күтуге мәжбүрсің.

TURKYSTAN.KZ.   «Есімов Назарбаевтың саясатына қарсы ма?» - Қазақ қоғамын біртұтастыққа, ұлттық құндылықтарға үндеген Елбасының сарабдал саясатына қарсы келді Есімов.

ANATILI.KZ.  «Жат жұртта жабырқайды жас бала…» - Дана халқымыз ежелден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты сөзді ұстанған, бойына сіңірген.

7 ақпан 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.