Атырау, 19 желтоқсан 06:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қытайлық оралмандар ат ауыстырып әлек». «Гагаузия Кедендік одақ туралы референдум өткізбек». «Біріне-бірі байланған валюталар». «Төлен Әбдікұлы: “Еуразиялық одаққа кіру – өзі қазған апанға өзі секірумен тең”». «Дамушы елдер нарығын не күтіп тұр?».

2 643 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «Бай мен кедей арасындағы алшақтық ұлғая түсті» - Зерттеушілер Қазақстанның ең дәулетті 50 адамының байлығын Ақмола, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары ішкі өнімімен теңестірді.

«Қытайлық оралмандар ат ауыстырып әлек» - Оралмандардың қытай тілінің қағидасы бойынша жазылған қысқа аттарын «Ф.И.О.» тәртібіне салмақ болғандар рәсімделу кезінде және бір қиындық тудырды.

«Гагаузия Кедендік одақ туралы референдум өткізбек» - Еуропалық одаққа қосылуға мүдделі Молдованың автономиялық аймағы Гагаузия Ресейдің ықпалы жүретін Кеден одағына ену туралы сауалды референдумға шығарғалы отыр.

SERKE.ORG.  «Өтембаев Сәрсенбаевты өлтіруге жымысқылап дем беруші болды деген айыпты теріске шығарды» - «Менің қорғауымдағы Өтембаев Әлиев пен Мұсаевтың әрекеттерінің салдарынан зардап шегіп отыр».

«Қайрат Нұртастың концертін көруге барған тағы үш адам сотталды» - Алматыдағы «Прайм-Плазадағы» тәртіпсіздіктерге қатысқан тағы үш адам, оның ішінде екі кәмелетке толмағанды Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  соттады, деп мәлім етті судья Ернар Қасымбеков.

«Чемпион туған нағашысымен соттасты» -  Бұл ер жігітке лайық тірлік пе?

MASA.KZ  «Мемхатшы кім болуы мүмкін?» - Осы күндері ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов Мемлекеттік хатшының да қызметін уақытша атқаруда.

TENGRINEWS.KZ.  «Гүлнара Каримова әкесінің туған күніне ән сыйлады» - "Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова әкесінің туған күніне "Далила және Самсон" операсынан меццо-сопраноға арналған Далиланың ариясын сыйлады.

«АҚШ Сочидегі Олимпиадада атыс болуы мүмкін екенін ескертті» - АҚШ Сочидегі Олдимпиадада химиялық атыс болуы мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып.

AIKYN.KZ  «Біріне-бірі байланған валюталар» - Ұлттық банк теңгені девальвациялаудың еш себеп-салдары жоқ деп мәлімдеді.

«Теңгенің құнын түсірмейік» - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың экономиканы ғылыми негізделген бағдарламалар бойынша ырғақты даму арнасына салуы ұлттық валютамыз теңгенің ажары ашылып, қуаты байқалған тұс болды.

JASQAZAQ.KZ  «Спорт байлардың ермегі емес...» - Біздің еліміздегі бай адамдар спортпен айналыспайды.

QAZAQUNI.KZ   «Төлен Әбдікұлы: “Еуразиялық одаққа кіру – өзі қазған апанға өзі секірумен тең”» - Еуразиялық одақ қазаққа жақсылық әкеледі деп өз басым ойламаймын. Енді қазақ тәуелсіздігінен айырылса, қайта келеді деп ойлаудың өзі қорқынышты.

«Масқара! өзбектер өлтіріпті біздің әншілерді…» - “Қазақтың әнші қыздарына клип түсірген оңай, оларға бір керует пен бір ішкөйлек берсең болды. Сол керуетте аунап, өз тәнін өзі сипап, аймалап, мәз болып түседі”

RAS.KZ   «Армия Януковичтен елде тәртіп орнатуды талап етті» - Әскери ведомство аппаратының жеке құрамы кеше Януковичке үндеу жолдап, онда президентті «елдегі жағдайды тұрақтандыру жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдап, қоғамдағы келісімге қол жеткізуге» шақырды.

«Жер шарын алда ғаламат аштық дәуірі күтіп тұр» - Әлем ғалымдары алдағы 40 жылдың шамасында Жер бетінде ғаламат аштық дәуірі жайлайтынын болжап отыр.

NUR.KZ  «Дамушы елдер нарығын не күтіп тұр?» - Биыл басынан бері инвесторлар экономикасы шатқаяқтап, саяси наразылық күшейген дамушы елдерден кетіп жатыр.

3 ақпан 2014, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.