TENGRINEWS.KZ. «Техникалық байқаудан өту мерзімі өзгерді» - "Көлік құралдарын стационарлық желіден міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі ақпарат күн сайын онлайн-режимде техбайқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріліп отырады", - делінген қаулыда.
«Үсеновтің әкесінің қызметтен кеткені расталды» - Алматыда көлікпен алты адамды қағып кетіп, кейін жазадан құтылған Мақсат Үсеновтің әкесі - "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының қызметкері өз еркімен жұмыстан кетпек.
AZATTYQ.ORG. «"Роскосмостың" Аймахановты бекітуі реакция тудырды» - Талғат Мұсабаев "жеке арманын мемлекет мүддесінен жоғары қоюды түсіне алмаймын" деді. Сарапшылар кінәні азаматтығын өзгерткен ғарышкерден іздемеу керек екенін айтады.
«Сот: “Сирияда соғысуға шақырушы» сырттай қамалсын”» - «Қазақстандықтарды әлеуметтік желіде Сириядағы қарулы қимылдарға қатысуға шақырды» деген айыппен Ақмола облысының тұрғыны «сырттай қамауға» алынды.
TURKYSTAN.KZ. «Зардабы көп полигон қашан жабылады?!» - Ядролық қару-жарақтан өзге Капустин Яр сынақ полигонында 24000 ракета жарылды, әскери техниканың 177 үлгісі сыналды, РСД-10 зымырандарының 619-ы жойылды.
«Әлем дефляция қаупінен қорқады» - Жыл сайын мыңдаған адамды «Күлтөбенің» басына жинайтын Давостағы саммит әдеттегідей жағымды жаңалыққа сараң болды.
«Ибрагимовтың жаңа түсініктемесі істі басқа арнаға бұрды» - Бұл істің созылғанына неше жыл...
QAZAQUNI.KZ «Алименттен қашқан әкелер сотталады» - Баласына берешегі 10 мың АЕК-тен асып кеткен алимент төлеушілер 7 жылға бас бостандығынан айырылады.
«Талантты қазақ жастары неге шетел асып кетеді?!» - Біздің елімізде ерекше дарынымен жылт етіп көзге түскен жастар ебін тауып шетел асып кетуге құмар-ақ.
ABAI.KZ. «Неслихан Мұстафақызы: “Үйіміз Қазақстанда болады деуші еді”» -Мұстафаның басты қасиеті – ол қай жерде жүрсе де, өзінің қазақ екенін айтудан жалықпаған, мақтан тұтқан.
NAMYS.KZ «Арсыз әкенің азабы» - Түн ортасы… Бүк түсіп ұйықтап жатқан бүлдіршін қыздың көрпесін еппен ғана ашқан жүн-жүн қол жыланша сумаңдап барып жып-жылы, жұп-жұмсақ балғын денені құшарлана сипалады.
AIKYN.KZ «Ақын деген жүрегі нәзік халық...» - Бижан Қалмағамбетов – тау тұлғалы Табылды Досымовтың көзі тірісінде жан жолдасы болған. Қазір ақын атындағы қоғамдық қордың директоры. Досының артында қалған мұраларының жоқтаушысы, іздеушісі.
«Егер де және егер де...» - Жасымыз өсті ме, өмірді тани түстік пе, білмеймін, көп нәрсеге өзімізді жауапты сезінетін болыппыз. Тіпті, барлық нәрсеге. Барлық жайтқа.
«Мәселені шешпесе, әкім не істеп отыр?» - Қолда бар қаржыны ұқсата алмайтын әкімдерді қызметінен кетіру керек. Өңірлік даму министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов осындай пікір білдірді.
«Демократиялық елдердің талқаны таусылуға айналды» - Қос тізгінді қатар ұстаған кешегі Кеңестік империяның ғұмыры небәрі 70 жылға созылды.
«Суррогат ана болу тиімді бизнеске айналды ма?» - Осы жолы интернет арқылы жарнамаланатын келесі бір «қымбат» медициналық қызмет түріне назар аудардық. Бұл – суррогат аналық немесе басқа адамдардың тапсырысымен дүниеге бала әкелу.
ALASHAINASY.KZ. «Еркектің белсіздігі ұлттың соры...» - Ілгеріден қазақ халқы балалы үйді базар санайды. Шынында, шаңырақ шаттығы шыр еткен шарана емес пе? Бұрын әрбір отбасында кем дегенде 9-10 баладан болушы еді.