Атырау, 26 қараша 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өзбектердің үсіп қалуына жол бермеді

1 846 просмотра

29 қаңтарда мақаттық құтқарушыларға алыс сапарға шыққан автобустың 45 жолаушысын құтқарып қалуға тура келді.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, таңертеңгі сағат 11-де кезекші-диспетчерлік қызметінің бірыңғай «112» телефонына «Икарус» автобусының жүргізушісінен қоңырау келіп түскен. Ресейден Өзбекстанға сапар шегіп бара жатқан жолаушылар автобусы Мақат ауданының Доссор поселкесінен 35 шақырым жердегі тас жолда бұзылып қалған екен. Қоңырау бұзылып қалғаннан кейін тек 5 сағаттан соң келіп түскен. Адамдар суыққа шыдай алмапты.

Сол жерге Мақат ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылар командасы жеткен. Автобус ішінде суықтан тоңып қалған 45 жолаушы мен жүргізуші болыпты. Көлік ұйымдастырылып, оларды жылыту пунктіне жеткізіп, ыстық шай беріп жылындырған. Көлік ақауын жөндеген соң, жолаушылар өз сапарларын жалғастырған.

ТЖД ескертеді: ұялы телефон операторлары арқылы жіберіліп жатқан штормдық ескертпелерге салмақты қараған жөн. Мұндай күндері көлікпен алыс жолға шықпау керек, қиын жағдай туындаса, бірден 112 нөміріне хабарласу қажет.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 қаңтар 2014, 22:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.