Атырау, 3 мамыр 17:38
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Украина Еуропаға қарап ұлып тұр...». «Дариғаның аты аталғанда сот шоршып түстi». «Ерiккеннiң ермегi». «Қазақстан Ресейден жалға берген жерін сұрамақ». «Әлнұр Мұсаевтың Алтынбекті өлтіру операциясындағы рөлі».

1 995 просмотра

ZHASALASH.KZ   «Украина Еуропаға қарап ұлып тұр...» - Украина президентi Виктор Янукович премьер-министр Микола Азаровтың отставкаға кету жөнiндегi өтiнiшiн қабыл еттi.

«Дариғаның аты аталғанда сот шоршып түстi» - Өтембаевтың үкiмiн қайта қарау бойынша Қаскелеңде өтiп жатқан сот процесiнде жәбiрленушi тарап судья А.Бейсенбаевқа наразылық бiлдiрiп, оны iстен шеттету жөнiнде талап қойды.

«Анти-еуразиялық қозғалыс: Кiрерден бұрын шығарыңды ойла» - Украинадағы наразылық шарықтау шегiне жеттi.

«Алматының атымен алысу “модаға” айналды» - “Алматыны Алма-Ата десек, әдемi естiледi” деп ақыл айтқандар бұрын да аз болмаған.

«Ерiккеннiң ермегi» - Бұдан бiраз уақыт бұрын қазақы шапан киiп, қазаққа жат сөзбен жұртқа танылған Ермек Тайшыбеков тағы “бүйректен сирақ шығарды”.

«Жаңа заң жобасы терроризмге жол ашпай ма?» - Қазақстан қылмыстық кодексiнiң жаңа жобасы әзiрленiп жатыр. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған.

AZATTYQ.ORG.   «Өтембаевтың сотында тыңдау аяқталды» - Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деп сотталған парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың үкімін қайта қарау сотының тыңдауы бүгін аяқталды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қазақстан Ресейден жалға берген жерін сұрамақ» - Қазақстан Ресейден полигон ретінде пайдалануға жалға берген жерлердің толық көлемде пайдаланылмайтын бөлігін қайтаруды сұрады.

ABAI.KZ.   «Амангелді Кеңшілікұлы. Тағдырым, саған не істейін...» - Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жердің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзеннің асау толқындары жеткен жерінің бәрін де суға малады.

SERKE.ORG.  «Әлнұр Мұсаевтың Алтынбекті өлтіру операциясындағы рөлі» - Алтынбек Сәрсенбаев пен оның серіктерінің өлтірілуіне байланысты өтіп жатқан сот іс жүзінде қылмыстың қалай жүзеге асқанын біртіндеп айқындап жатыр.

«2006 жылы Рахат Әлиев өзінің жасаған қылмысын қалай жасырмақшы болды?» - Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты өтіп жатқан сотта куә ретінде шақырылған  Нұрлан Үстеміров сенсациялық мәлімдеме жасады.

TURKYSTAN.KZ.  «Қазақ қара жамылған күн Ұшақ апатының сыры неге ашылмады?» - Былтыр қаңтардың 29-ы күні Көкшетаудан Алматыға бет алған Bombardier әуе кемесі апатқа ұшырап, 21 адам көз жұмған болатын.

30 қаңтар 2014, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.