Атырау, 27 қараша 21:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ украиналық оппозицияға қарсы санкциялар енгізеді

1 257 просмотра
АҚШ президентінің әкімшілігінде Украина шенеуніктеріне қатысты қаржылық санкциялар әзірленуде. Санкциялар билік және оппозициядағыларға қатысты енгізілмек. Қанша адамның қара тізімге кіретіні белгісіз, дегенмен РБК-ның Конгрестегі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, аталмыш санкциялар кез-келген уақытта әрекет ете бастауы мүмкін.

Вашингтон өз ұстанымын Украинада құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен оппозицияның белсенді өкілдерінің арасындағы қақтығыстардың жалғасуымен түсіндіреді. Дереккөздің мәліметтері бойынша, Ақ үй қақтығыстың екі тарапына да жауапкершілік артып отыр.

Жақында Канада билігі Украинаның бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларына елге кіруге тыйым салды.

Дереккөз: bnews.kz

 

30 қаңтар 2014, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.