Атырау, 4 мамыр 11:13
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

2 690 просмотра

Қаңтардың 21-іне қараған түні Сәтпаев даңғылының бойындағы №60 үйдің подъезінен белгісіз біреулер құны 50 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап алған. Ұрлық жасады деп күдіктелген Атыраудың 27 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға Авангард ықшамауданының тұрғыны 6 қаңтарда өзіне қонуға шақырған жаңа танысының 80 мың теңгесін ұрлап кеткендігіне шағымданды. Ұрлықшы ұсталды.

***

 

Желтоқсанның 26-да полиция-ға Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны шағымданды. Соның алдыңғы күні түнде бірге ішімдік ішкен оның 22 және 26 жастағы екі танысықалтасынан ұялы телефоны мен 600 мың теңгедей ақшасы бар әмиянын қолды қылған. Ұрлық жасаған күдіктілер ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Заттай айғақтар алынды.

***

 

Полицияға 44 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Өткен жылдың 21 желтоқсанында Жұмыскердің 25 жастағы тұрғыны оны жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, одан 40 мың теңге алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Қарабатан маңындағы Атырау-Ақтау тас жолында 27 қаңтарда су полициясының қызметкерлері КамАЗ көлігін тоқтатты. Жүк көлігінің шанағынан ілеспе құжаттарсыз 615 келі сазан табылды. Жүргізуші балықтың 41 жастағы жолаушы әйелге тиесілі екенін айтты. Балық тәркіленіп алынды.

***

 

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны хабарласты. 27 қаңтарда сағат 20.00-де қала кафелерінің бірінде оны белгісіз ер адам ұрып-соққан. Бұзақы ұсталды.

***

 

Құрманғазы АІІБ-не 28 қаңтарда Дәшін поселкесінің 65 жастағы тұрғыны хабарласты. Соның алдыңғы түні белгісіз біреу сарайының құлыбын бұзып, ішіне кіріп, онда сақталған 17 шөлмек арақты ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деп күдіктелген оның 32 жастағы ауылдасы ұсталды. Ішімдік қожайынына қайтарылды.

***

 

Криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдың 13 желтоқсанында Орталық ықшамауданында жүргіншінің қолсағатын тартып алған 27 жастағы қала тұрғынын, 20 қаңтарда Сарыөзектегі азық-түлік дүкенінің есігін сындырып, 50 мың теңге түсімді ұрлап кеткен 25 жастағы қала тұрғынын ұстады.

***

 

Қаңтардың 28-де музыка мектебінде 12 жасар қыз баланың құны 10 мың теңге тұратын ұялы телефонын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Баймұханов көшесінің бойындағы кеңседе 28 қаңтарда 31 жастағы ер адам 27 жастағы әйел адамға дене жарақатын салған. Бұзақы ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.