Атырау, 26 қараша 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Газ берушілер аязды ұнатпайды

2 340 просмотра

6 қаңтарда Авангард, Лесхоз, Жұмыскер және Еркінқала тұрғындарын бірнеше сағатқа газсыз қалдырған техникалық жағдайды тексеру нәтижелері белгілі болды («АЖ» №2, 09.01.14 жыл, «Газ секторындағы мәселелер»).

Бұл 142 тұрғын үйге (10 350 абонент) қатысты әңгіме. Естеріңізге салсақ, бүкіл «жеке» сектор және көппәтерлі үйлердің едәуір бөлігі (автономды газ қазандықтары барлар) үшін газдың жоқтығы жылудың жоқтығына және жылу жүйелерінің жарылуына әкеліп соғады.

Облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, 6 қаңтарда сағат 17.25-те Атырауда ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы қызмет көрсететін «Финская» автоматтанған газ тарату стансасында газ қысымы төмендеп кетті. Соған байланысты «Авангард» газ реттеуші пунктіндегі (ГРП) қысым төмендеді, ал негізгі газ құбыры желісінде сүзгі мен редуктор бітеліп қалды. Сағат 19.10-да ақаулар жойылғаннан кейін газды жеткізу қалпына келтірілді. Алайда сағат 20-да және 23.30-да газдың берілмеуі қайталанып, газды беру 00.45-те қайта жалғастырылды. «Авангард» ГРП-нің негізгі желісіндегі сүзгі бітеліп қалғандықтан, газды жіберу резервтік желі арқылы жүзеге асырылды. Прокуратура да осы жағдайға қызығушылық білдірген. Бізге қала прокуроры Нұрлан ҚАРАШОЛАҚ хабарлағандай, ТЖ департаменті «Интергаз – Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральды газ құбыры басқармасына, «Атыраугазинвест» ЖШС-не және «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалына суық кезде облыс тұтынушыларын газбен үздіксіз қамту шараларын дер кезінде алуды талап еткен хат жолдаған. Бұл, әсіресе, күн қазіргідей қатты суық болып тұрған кезде өзекті болып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.