Атырау, 21 желтоқсан 10:11
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қош, капитан

1 811 просмотра

Осыдан біраз уақыт бұрын халықаралық жаңалықтардан ұлы португал футболшысы Эйсебионы соңғы сапарға аттандыру рәсімін көрсетті. Өткен ғасырдың 60-шы және 70-ші жылдары ол ел құрамасының капитаны болды және Еуропаның ең үздік ойыншысы атанды. Бүкіл Португалия бойынша үш күндік қаралы күн жарияланды. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан адамдар пантеонына қойылды.

Лондондағы «Уэмбли» стадионының алдында ескерткіш-композиция тұр, ал мұның ортасында 60-70 жылдары Англия құрамасының аты аңызға айналған капитаны Бобби Мурдың үлкен мүсіні қойылған.

Бұл екі керемет ойыншы туралы көп нәрселер айтуға болады, алайда бүгін мен өзіміздің Атырау қаласы футбол командасының капитаны Берік Тасырұлы Ералиевті еске алғым келіп отыр. Өкінішке орай, оның да біздің арамыздан кеткеніне 40 күн толып отыр. 

70-жылдардың ортасында Атырауда футбол әйгілі бола бастады. «Мұнайшы» стадионы қайта жарақталды, «Буревестник» стадионы салынды, Балықшы кентіндегі стадион да жаңаланды, пединститутта спорт факультеті ашылып, басқа көптеген нәрселер жасалды.

Қаланың футбол өмірінде «Прикаспиец» командасы үлкен маңызға ие болды, одан барлығы үлкен жетістіктер күтетін. Команда капитаны болып жалпы жиналыста Берік Тасырұлы Ералиев сайланды. Ұжым оны бір ауыздан сайлады. Ақ көңіл, ашық, халықты соңынан ерте алатын, қиын уақытта арқа сүйейтін, өзіне жауапкершілікті ала алатын, өз пікірі бар тамаша адам еді. Бір сөзбен айтқанда, өз ісін білетін, оны кәсіпқойлықпен орындайтын көшбасшы болды. Көп жылдар бойы Берік Тасырұлы Атырау футболының республикалық федерациядағы өкілі болды, ал оның Т. Сегізбаевпен, С. Байшақовпен, М. Гурманмен және басқа да билік басындағы адамдармен жақын достығы белгілі бір мәселелерді шешуге талай көмегін берді. Қазір нарық барлық мәселелерді ақшамен шешілетін етіп қойды ғой. Бұрын олай емес еді.

Берік Ералиев көшбасшы ойыншы болып қалыптасқанда бәрі бастамашылықпен бітетін. Он жақсы доп немесе футбол киімін табу үлкен мәселе болды, ал қарсылас команданы күтіп алу, оларды қонақ үйге орналастырып, кері билеттер алып беру және т.б. қиынның қиыны еді. Белсенді футболдан кететін уақыты келгенде Берік Ералиев футбол ардагерлері қозғалысын құрудың бастамашысы болды. Ол Қазақстанның басқа қалалары мен КСРО-ның өзге республикаларының ардагерлерімен байланыс орнатты. Он шақты біріншіліктер, турнирлер, кездесулер, жүздеген жаңа таныстар табу - барлығы футболды шын сүюдің, сүйікті ісіне шын берілгендігінің дәлелі.

Мұның бәрі АМӨЗ ұжымының дене шынықтыру және спорт қызметін ұйымдастырушысы болып тұрған көп жылдар ішінде жасалды. Қазіргі уақытқа дейін зауытта қысқы және жазғы спартакиадалар өтіп тұрады. Зауыттықтар қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары. Бұл, әрине, Берік Ералиевтің үлкен еңбегі. Оның орны біз үшін әрқашан бөлек, ал оның бейнесі онымен бірге жұмыс жасағандардың, достарының және таныстарының жүрегінде мәңгі қалмақ.

Х. Жамалетдинов,

РТҒА-ның тұрақты мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.