Атырау, 26 қараша 18:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аяз бағаларға кері әсер етті

1 430 просмотра

Сейсенбі күні «Дина» базарында сиыр етінің бағасы мамыр айынан бері алғаш рет бірден 200 теңгеге қымбаттады. Сатушылар бағаның құбылуын аязға байланысты туындаған қалаға мал жеткізу қиыншылықтарымен түсіндіреді.

Мәселен, ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 қаңтарда мал тиеген алты КамАЗ жүргізушілері тас жолға түскен қалың қарда тұрып қалған. Олар қар құрсауынан құтқарушылар көмегімен шығарылды. Менің ойымша, еттің қымбаттауына демалыс күндері «Мұнайшы» стадионы алдында азық-түлік жәрмеңкесінің болмай қалғаны әсер еткен сияқты. Дүйсенбі күні редакцияға осы мәселе жөнінде бірнеше оқырман қоңырау шалды. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі «Жәрмеңке аязға байланысты Ресейден сатушылардың келмей қалуы себебінен болған жоқ» деп хабарлады. Картоп, жуа және басқа да көкөністерді әзірге далаға шығарып сатпау керек деп шешілді, өйткені олар салқында тез бұзылады. Алға қарай бәрі ауа райына байланысты болмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ   

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.