Атырау, 26 қараша 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аудан жаңалықтары

2 195 просмотра

Құтыру белгілері байқалды

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылының тұрғындарына тиесілі екі сиырдан құтыру белгілері шығып отыр.

Бәрі де екі сиырдың аузынан сілекей ағудан басталған. Олардың бірі өзі өлсе, екіншісін далаға шығып қашып ұстатпағасын, үй иесі мылтықпен атып тастаған. Бүгінде бұл малдардың денелері өртеліп, қалдықтары жерге көмілген.

- Вирус жұқтырған малдардың қанынан сынама алынды және зертханалық тексеруге жіберілді. Сондай-ақ, олармен қарым-қатынаста болған малдарға екпе егілді. Мал иелері қажетті медициналық көмек алуда, -деп хабарлады Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Алмажай ҚАЛМҰХАНОВА. 

***

 

Азғырға барар жол ашық

Құрманғазы ауданының Азғыр өңіріне баратын жолды қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

- Соңғы күндері жиі жауған қардан Азғырға баратын 300 шақырым жолды тазарту жұмыстарын үздіксіз жүргізуге тура келіп тұр, -  дейді«Құрманғазы жолдары» ЖШС-нің директоры Аслан БАЙМЕНОВ. 

Ең қауіпті деп саналған сайда орналасқан 25 шақырым жолды тазалау да әзір тоқтатылмайды.

- Бұл жұмыстарды біз өз күшімізбен атқарудамыз, ал жергілікті бюджеттен оған әзірге қаржы бөлінген жоқ. Екінші тоқсанда тендер өткен соң қаржы түседі деп отырмыз, - дейді А.Байменов.

Осы мақсаттарға өткен жылы 40 млн теңге бөлінген болатын. Оның 20 млн теңгесі Азғыр жолдарын тазалауға, қалғаны ауылдарға баратын жолдардың шұңқырларын бітеу бойынша жөндеу жұмыстарына арналды.

***

 

Жол үстіндегі қырғын

Атырау-Орал тас жолының Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылының тұсында жүк көлігі бірден 37 қойды қағып өлтірген.

Бұл жергілікті тұрғындардың бірінің малы болып шықты. Мал иесі оларды күнделікті таңертең далаға жайып, кешкісін ауылға айдап әкелетін. Оқиға кешкі мезгілде орын алған болатын. Кінәсін өз мойнына алған жүргізуші ауыл тұрғынына шығын сомасын өтеуге міндеттелді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.