Атырау, 26 қараша 18:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Атырау-Ақпараттың» бұрынғы бас есепшісі неліктен өзіне қол жұмсады (+облыстық соттың хабарламасы)

3 700 просмотра

27 қаңтарда «Атырау-Ақпарат» КМК-ның бұрынғы бас есепшісі Айтжан ӨТЕШЕВ өз-өзіне қол жұмсады.

Медиахолдинг қызметкерлерінің ақпараты бойынша, Өтешевке «Атырау-Ақпарат» КМК-ге арналған ірі ақша сомасын (кейбір мәліметтер бойынша 10 млн теңге) аттас ЖШС-ге аударып, оны жалақы түрінде қызметкерлерге төлеген деген айып тағылған. Шамасы, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығында КМК ЖШС-ге қайта құрылған кезде орын алған болуы керек.

Ол мұны қателесіп жасады ма, жоқ па, оны біз білмейміз. Бірақ біздегілердің бәрі оны ақшаларды иемденіп алған жоқ деп есептейді, - дейді «Атырау-Ақпарат» қызметкерлері. – Біздің кәсіпорынның басшылығы қаржы полициясына өтінішпен шықты. Өтешевтің өзі де өз кінәсін мойындамайтыны туралы жауап арыз жазды.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығы комментарий бере қоймады. Алайда, бұл оқиғаның Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚТ-на қатысты қылмыстық істермен байланысты еместігін мәлімдеді.

Өтешев 2013 жылдың 9 қазанында жұмыстан босатылды. Бұған дейін ол жұмыстан шығу туралы екі рет арыз жазған болатын. Бірін шілдеде, екіншісін тамызда жазды, бірақ біз тек қазан айында ғана қол қойдық.

Ал қаржы полициясындағылар оларға «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорынан Өтешевке қатысты арыз түскенін растады.

Бірнеше күн бұрын біз оны бұрынырақ қозғалған қылмыстық іске біріктіру үшін ІІД-не жолдадық, - деді қаржы полициясы департаментіндегілер.

Айтжан Өтешев 1967 жылы дүниеге келген, артында үш баласы қалды. Медиахолдинг қызметкерлерінің айтуынша, ол өлер алдында өзінің шаршағаны, түңіліп кеткені және ақшаны иемденбегені туралы хат жазып кеткен екен.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды: А.Өтешев Атырау облысы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер саналғандығы туралы кейбір БАҚ-да таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Өзіне-өзі қол жұмсаған «Атырау-Ақпарат» медиахолдингісінің бұрынғы бас есепшісі А.Өтешевты аталған іске қатысты қылмыстық процесстің тараптары куәгер ретінде мәлімдеген жоқ. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, А.Өтешевке қатысты қылмыстық қудалау органдары (қаржы полициясы) басқа қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді бөлек өндірісте жүргізуде, – деп жазылған облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 қаңтар 2014, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.