Ел конституциясы бойынша, премьер отставкаға кеткен соң үкімет те тарауы тиіс болатын. Бірақ Лукьяненконың айтуынша, президент Виктор Янукович министрлер кабинетіне жаңа үкімет құрылғанша жұмыс істей беруді тапсырған. Ол бүгін, 29 қаңтарға белгіленген үкімет отырысын Арбузов жүргізуі мүмкін екенін айтады.
28 қаңтарда Николай Азаров "елдегі саяси дағдарысты бейбіт реттеуге мүмкіндік жасау үшін" отставкаға кетуге өтініш білдіріп, президент оны мақұлдаған.
Украина билігі өткен жылдың қарашасында Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқаннан бері наразылық танытып келе жатқан демонстранттар әуелден үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен.
Кеше Украина Жоғарғы Радасы төтенше отырысында бейбіт жиын өткізуді шектеп, оған байланысты жауапкершілікті қатаңдататын, демонстранттар "демократияға қарсы" деп таныған заңдардың біразынан бас тартты.
Бұл заңдардан бас тарту жайы оппозиция өкілдері мен президенттің кездесуінде талқыланған еді.
Дереккөз: Baq.kz