Атырау, 3 мамыр 13:33
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Алтынбектің өліміне қатысты сот ескі сүрлеуге түсті». «Еділ Әбікенов саясаткер Сәрсенбаевты қалай ұрлағанын айтып берді». «Қанша қаржы сыртқа кетті?». «Адам өлтірсе де, азаттық алды». «Латыштар ракты жойып жіберетін қоспа жасады».

2 607 просмотра

SERKE.ORG.  «Алтынбектің өліміне қатысты сот ескі сүрлеуге түсті» - Алтынбек Сәрсенбаев пен оның серіктерінің өліміне қатысты жаңадан ашылған деректерге байланысты Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарап жатқан сот поцесінің мерзімі созылып барады.

«Еділ Әбікенов саясаткер Сәрсенбаевты қалай ұрлағанын айтып берді» - ҰҚК «Арыстан» отрядының бұрынғы командирі, қазір түрмеде отырған Еділ  Әбікенов саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты ұрлау операциясын Әлнұр Мұсаев басқарғанын айтты.

«Виталий Мирошников Сәрсенбаевтың қалай өлтірілгенін айтып берді» - «Біз бір қуысқа бұрылдық. Онда гараждар мен екі машина тұрды. Сол көліктерден менің машинама үш адамды отырғызды.

AZATTYQ.ORG.   «Ультрас шерушілерді «титушколардан» қорғамақ» - Украинадағы «Еуромайдан» шерушілері жаңа қолдаушыларға ие болды. Олар – футбол жанкүйерлерінен құрылған, өздерін «ультрас» деп атайтын топ өкілдері.

«Бұзылған «Бесоба» тұрғындары жаңа үйлерге көшіп жатыр» - Қарағандыда 20-дан аса отбасы бұзылған «Бесоба» тұрғын үй кешені орнына салынған «Шапағат» кешенінен берілген пәтер кілтін алды.

AIKYN.KZ  «Қанша қаржы сыртқа кетті?» - «Қазақстаннан қанша қаржы сыртқа кетті?» деген көп көкейінде қордаланып қалған сауалдың жауабын Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев айтты.

«Қазақстанға қанша қытай келеді?» - Қазақстандағы Қытай елшілігі Астанадағы «Бейжің сарайында» қытай халқының жаңа жылы – Чуньцзеге арнап қабылдау өткізді.

«Қылмыстың көбін келімсектер жасайды» - Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың мәліметінше, Қазақстанның бас қаласы, өкінішке қарай, қылмыс деңгейі бойынша елімізде бірінші орынды иеленеді.

«Жаһанды жайлаған жеті қатер» - Енді біраз уақыттан соң шығыс күнтізбесі бойынша жылқы жылы басталады. Асау мінезді, мініске төзімді болғанымен, алайда Қамбар ата тұяғы тұрмыстық тіршілік пен өмірге күрт өзгерістер алып келуі мүмкін.

TURKYSTAN.KZ.  «Адам өлтірсе де, азаттық алды» -  Ал құзырлы органдар оның лауазымды тұлғаның баласы екендігі іске септігін тигізбейді деп еді.

QAZAQUNI.KZ  «Қазақстандағы жезөкшелік жаһандық желіні де жаулай бастады» - Жезөкшелікті ертеден келе жатқан жат қылықтың бірі санайды.

RAS.KZ  «Латыштар ракты жойып жіберетін қоспа жасады» - Риганың Паул Страдиньш атындағы университеті микробиология және вирусология институтының тамаққа қосылатын жаңа қоспаның күшімен рак ауруын жеңіп шығуға уәде беріп отыр.

«Ресейдің «Дождь» арнасы жабылуы мүмкін» - Ресей кабельді телевидениесі ассоциациясының президенті Юрий Припачкин «Дождь» телеканалын желіден ажыратып тастауды ұсынды.

NUR.KZ  «Қазақстанда алаяқтар банктердегі есепшоттардан 300 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған» - "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

29 қаңтар 2014, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.