Атырау, 19 желтоқсан 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ибрагимов қанiшер екенiне жұртты сендiруге тырысты». «Қыз алып қашатындар қатаң жазаға тартылуы мүмкін». «Еуромайдан Украинаның шығысына да жетті». «Ибрагимов лауазымды тұлғалар туралы айтудан бас тартты». «“Тақ мұрагерлерi” тықырши бастады».

2 193 просмотра

TENGRINEWS.KZ.  «Киллер Сәрсенбаевты қалай өлтіргенін айтып берді» -  Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілген Рустам Ибрагимовтан жауап алумен басталды.

«Қыз алып қашатындар қатаң жазаға тартылуы мүмкін» - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов Қазақстанда қыз алып қашатындарға қатаң жаза қолдануды ұсынды.

AZATTYQ.ORG.   «Еуромайдан Украинаның шығысына да жетті» - Украина президенті оппозиция жетекшілеріне үкімет басқаруды ұсыну арқылы өз жақтастарын азайта тұра, қарсыластарын жақындата алмағанға ұқсайды.

«Ибрагимов лауазымды тұлғалар туралы айтудан бас тартты» - Сотта "Сәрсенбайұлын өлтірді" деп танылған Ибрагимовтың мәлімдемесі оқылды.

«Сот «террорист» Хайыровтың шағымын орындамады» - «Терроризм» бабы бойынша 11 жылға сотталған Саян Хайыровты енді колонияға жіберуі мүмкін.

SERKE.ORG.  «Ержан Өтембаев: Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берген жоқпын» - Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырма берген деп сотталған ҚР сенат аппаратының экс-басшысы Ержан Өтембаевтың сот ісінде ол өзіне тағылған айыптың негізі жоқ деп мәлім етті.

AIKYN.KZ  «Шетелдіктерді шектеу керек» - Еліміздің мұнай-газ секторындағы жиі-жиі көтерілетін жанжалдарды түбегейлі шешу керек.

ALASHAINASY.KZ.  «Моңғолиядағы қазақтардың ұлттығына қауіп төне бастады» - Қазір аймақтағы заң орындары мен түрлі деңгейдегі атқарушы мекемелердің тізгінін ұстау құқығы білімімен-білігіне қарай емес, ұлттық сипатына қарай шешілу үрдісі байқалады.

«Тақ мұрагері жайлы талқылау орынсыз» - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Central Asia Monitor газетінің журналисіне ашық хат жазып, мемлекет басшылығына үміткер болуы  мүмкін адамдар жайлы талқылау мәселесіне өзінің көзқарасын білдірді.

«Тоқал алу тойына қош келдіңіз!» - Қазақстанда қазір тоқал «темасы» қызып тұр.

ZHASALASH.KZ   «“Тақ мұрагерлерi” тықырши бастады» - Мәжiлiс спикерi Нұрлан Нығматулиннiң “жетi плюсi” мен “жалғыз минусы”.

«Билiктi төңкерiп кете жаздаған ҚДТ қалай қудаланды?» - Осыдан 13 жыл бұрын дәл осы қаңтар айында Қазақстанның саяси әлемiне жас түркiлер атой сап кiрдi.

«Ибрагимов қанiшер екенiне жұртты сендiруге тырысты» - Ержан Өтембаевтың үкiмiн қайта қарау бойынша Қаскелеңде дүйсенбiде жалғасқан сот процесiнде сотталушының өзi жауап бердi.

28 қаңтар 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.